Глоссарий


Список всех непонятных для Вас терминов  вы можете найти здесь на сайте 100ballov.kz

Обзор глоссария по алфавиту

Специальные | А | Б | В | Г | Д | Е | Ё | Ж | З | И | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Э | Ю | Я | Все

Страница: (Назад)   1  2  3
  Все

С

СҮЛЕЙМЕНОВ ОЛЖАС ОМАРУЛЫ

СҮЛЕЙМЕНОВ ОЛЖАС ОМАРУЛЫ

СҮЛЕЙМЕНОВ ОЛЖАС ОМАРҰЛЫ (18.5.1936, Алматы) - ақын, қоғам қайраткері. ҚазГУ-ді (1959) бітірген. 1962-71 жылдары «Казахстанская правда» газетінің қызметкері, «Қазақфильм» киностудиясының сцөнарий-рсдакциялық коллегиясының бас редакторы, «Простор» журналының бөлім меңгерушісі. 1971-81 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, 1981-83 жылдан Қазақ ССР Киномотографистер жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, 1983 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы, КСРО Жазушылар одағының хатшысы (1984). 1972 жылдан Азия және Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақ комитетінің, 1989 жылдан «Семей-Невада» қозғалысының төрағасы. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Италиядағы төтенше және өкілетті елшісі, 2002 жылдан ЮНЕСКО-дағы Қазақстанның тұрақты өкілі. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Арғымақтар» 1961 жылы шықты. Ақынның өлең-жырлары ақыл-ой алғырлығы, бүгінгі күнді халықтың өткен тарихымен астастыра бейнелей, қоғамның саяси-әлеуметтік өміріне асқақ дауыспен үн қосуы арқылы ерекшеленеді. «Адамға табын, Жер, енді» Сүлейменовтың атын әдеби жұртшылыққа кеңінен танытты. Бұл поэма кеңес дәуірі кезінде поэзия жанрының үздік табыстарының бірі болып табылды. Содан бері ақынның «Нұрлы түндер» (1962), «Қызықты түн» (1963), «Шапағатты шақ» (1964), «Мешін жылы» (1967), «Таңдамалы лирика» (1969), «Қыш кітабы» (1969), «Ақ дария аспанында» (1970, өлеңдер мен проза), «Талма түсте тағы да бір қайталап» (1973), «Жұмыр жұлдыз» (1975), «Кемер» (1976, 1979), «Әр күн - арайлы таң» (1986), «Асқардан асу» (1987), «АЗиЯ» (1975), «1001 сөз» (2001) атты кітаптары жарық көрді. Сонымен қатар, ол Қазақстан кино өнерін дамытуға елеулі үлес қосты. Оның сценарийі бойынша «Бабалар жері» (1964), «Көгілдір маршрут» (1967), «Қыс - қысылшаң мезгіл» (1972), «М.Әуезов туралы сөз» (1979), «Соңғы өткел» (1982), «Үндістан сазы» (1984), «Жастық шақ заставасы» (1984) кинофильмдері түсірілді. Бірқатар шығармалары ТМД халықтарының және шет ел тілдеріне аударылды. «Жалынның шалқуы» деген өлеңі француз тіліне аударылып, 1981 жылы жарық көрді. Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972). КСРО Жоғарғы Кеңесі мен Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. 

СҮЛЕЙМЕНОВ ОЛЖАС ОМАРУЛЫ (18.5.1936, Алматы) - акын, писатель. Окончил школу в 1954 году и поступил на геологоразведочный факультет Казахского госуниверситета, окончил его в 1959 году. Последние годы учебы совмещал с работой в геологоразведочных партиях. Литературной работой занялся в 1955 году. В 1958 году поступил в Литературный институт им. А.М.Горького в Москве на отделение поэтического перевода. Окончил геологический факультет КазГУ (1959г.) и Литературный институт имени А. М. Горького (1961г.). В 1962 - 1971 литературный сотрудник газеты "Казахская правда", главный редактор сценарно-редакционной коллегии киностудии "Казахфильм", заведующий отделом журналистики "Простор", 1971-81 секретарь правления СП Казахстана, 1981-83 председатель Государственного комитета Казахской ССР по кинематографии. С 1972 председатель Казахского комитета по связям с писателями стран Азии и Африки. С 1983 - первый секретарь Правления Союза Писателей Казахстана. В 1989 году стал инициатором движения "Невада-Семипалатинск"

Ссылка на запись: СҮЛЕЙМЕНОВ ОЛЖАС ОМАРУЛЫ

СҰЛТАНБЕТ СҰЛТАН

СҰЛТАНБЕТ СҰЛТАН

СҰЛТАНБЕТ СҰЛТАН (1710- XVIII ғасырдың аяғы), белгілі би, Әбілмәмбет ханның жарлығымен қыпшақ ұлысының басшысы болды. Абылай ханды Жоңғар тұтқыншылығынан қүтқаруға, сонымен қатар Жоңғарларға қарсы әскери күрестерге белсенді қатысты. Бос қалған Іле өзені үшін Қытай-қазақ арасындағы территориялық келіспеушілігін шешуде ол өзін дипломат ретінде танытты. Абылай ханның өлімінен кейің Сүлтанбетке хан тағы ұсынылды, бірақ ол Уәлиге жол берген.

Ссылка на запись: СҰЛТАНБЕТ СҰЛТАН

Т

ТОЛЕ БИ АЛИБЕКУЛЫ

ТОЛЕ БИ АЛИБЕКУЛЫ ТӨЛЕ БИ ӘЛІБЕКҰЛЫ

ТӨЛЕ БИ ӘЛІБЕКҰЛЫ (1663-1756),Ұлы жүздің бас биі, Әз-Тәуке ханның тустасы. білгіш шешен. Қазақ хандығын біріктіру мен бір орталыққа нығайтуда Тәуке ханды қолдаған. Тәуке ханның басшылығымен, Қазыбек, Әйтеке, басқа да белгілі билермен бірге бірегей қазақ хандығын құруға қатысып, оны бірігу кезінде сот қызметін атқарып, бас би ретінде болған. «Жеті жарғы» заңын жасасқан қоғамның көрнекті қайраткері. Ол қазақтың белгілі хандарымен, билерімен, батырларымен бірге жоңғар-қалмақ басқыншыларына қарсы халық-азаттық майданын ұйымдастырып, басшылық етті. Қазақ даласындағы нақыл сөздер, афоризмдердің авторы. Ташкент қаласында жерленген. 

ТОЛЕ БИ АЛИБЕКУЛЫ (1663-1756), главный бий Старшего жуза, современник хана Тауке, искусный оратор. Поддерживал хана Тауке в его борьбе за образование единого Казахского ханства и централизацию власти. Один из регламентаторов свода казахских законов "Жеты-Жаргы". В период объединения трех жузов занимал должность верховного судьи и считался главным бием. Был одним из организаторов народно- освободительной борьбы против нашествия джунгар. Ему принадлежит авторство многочисленных изречений, афоризмов и преданий о жизни казахской степи. Похоронен в г. Ташкент.

Ссылка на запись: ТОЛЕ БИ АЛИБЕКУЛЫ

Ш

ШАНИН ЖҰМАТ ТҰРҒЫНБАЙҰЛЫ

ШАНИН ЖҰМАТ ТҰРҒЫНБАЙҰЛЫ

ШАНИН ЖҰМАТ ТҰРҒЫНБАЙҰЛЫ (1892, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы -26.2.1938) - тұңғыш қазақ режиссері, драматург, ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін салушы, Қазақ ССР-нің халық әртісі (1931). Қарқаралыда, Павлодарда (1921-22), Зайсанда (1922) және Семейде (1923) қоғамдық жауапты орындарда қызмет етті. Саяси-әлеуметтік және қоғамдық істерге белсене қатысу оның ой-өрісін кеңейтіп, кейінгі режиссерлік әрі жазушылық қызметіне игі ықпал жасайды. 20-жылдары Семейде «Ес аймақ» труппасын басқарып, халық жыры негізінде жазылған өзінің «Арқалық батыры» мен С.Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарларын» (1922) қойды. Сонымен қатар өзі осы аталмыш спектакпьдердеАрқалық батырдың және Еркебұланның ролін орындады. Бұдан кейін ол Қазақ драма театрының директоры (1926) болумен қатар оның көркемдік жағын басқарды. Қазақстандағы тұңғыш ұлт театрының негізін салып, оны ұйымдастыруда, сондай-ақ, профессионалдық тұрғыда қалыптастырып, творчестволық жағынан өсу жолында зор еңбек сіңірді. 1926-32 жылдарда Қазақ драма театрында ұлттық (І.Жансүгіровтің «Кегі» мен «Түрксібі», Б.Ж.Майлиннің «Майданы»), классикалық туындыларды (А.С.Пушкиннің «Тас мейманы» мен «Сараң серісі», У.Шекспирдің «Гамлеті») қойды. 1927 жылы бір топ өнер шеберлерін бастап, Мәскеуде өткен этнографиялық концертке қатысады, 1932-33 жылдары Қырғыз драма театрының бас режиссері болды. 1934 жылы ашылған музыкалық театрды (қазіргі Қазақтың опера және балет театры) ұйымдастыруға қатысып, Қ.Жандарбековпен бірге Е.Г.Брусиловскийдің «Жалбыр», «Қыз Жібек» пен «Ер Тарғынын» қойды. Осы музыкалық спектакльдер Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі кезінде жоғары бағаланды. 1936-37 жылдары Орал музыкалық драма театрын ұйымдастырумен бірге оған басшылық жасады. Ол бірқатар пьесалар («Торсықбай», «Айдарбек», «Үш бажа», «Жанды сурет», «Қара құлып», «Қозы - Баян» т.б.) жазып, драмалық жанрды дамытуда жемісті еңбек етті. Оның творчествосын М.Әуезов, Қ.Сәтбаев, Ғ.Мүсірепов т.б. жоғары бағалады. 1972 жылы Шымкент облыстық драма театрына Ж.Т.Шаниннің есімі берілді.

Ссылка на запись: ШАНИН ЖҰМАТ ТҰРҒЫНБАЙҰЛЫ

ШОРМАН БИ КҮШІКҰЛЫ

ШОРМАН БИ КҮШІКҰЛЫ

ШОРМАН БИ КҮШІКҰЛЫ (1788-1837) - Орта жүздің белгілі биі. Он үш жасында ерекше талантымен көзге түскен. Оның дарындылығы, көрегендігі, шешендігі туралы көптеген аңыз-әңгімелер көп тараған. Шорманның «қара қылды қақ жаратын» әділдігі ел аузында аңыз болған. Оның төрелігіне тек Баяннан ғана емес, бүкіл Кереку өңірінің түкпірінен келетін болған. 1833 жылы патша әкімшілігінен капитан шені атағын алып, сол жылы Батыс Сібір генерал-губернаторының жарлығымен Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтанының орынбасары ретінде тағайындалады. 1836-37 жылдары Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны болған.

Ссылка на запись: ШОРМАН БИ КҮШІКҰЛЫ

ШОРМАНОВ СӘДУАҚАС

ШОРМАНОВ СӘДУАҚАС

ШОРМАНОВ СӘДУАҚАС (1850-1927) - XX ғасырдың басындағы қазақ ақындарының бірі. Әскери баспаларда қазақтардың әлеуметтік тұрмысы жайында мақалалар жариялап, оларды Петербург университетінің профессоры, қазақ тілі мен әдебиетін зерттеуші П.Мелиоранскийге жіберген. Қазір бұл қолжазба Санкт-Петербург қаласындағы Салтыков-Щедрин атындағы кітапхананың А.Н.Самойловтың архивінде сақтаулы. Сонымен қатар ол қазақ халқының әдеби, тарихи мұраларын жинап, оны Петербургте бастырған. Сәдуақас Мұсаұлы қазақ халқының мұң-мұқтажын айтып генерал-губернаторға, газеттерге хат жазған. Қазақ азаматтарына араша түсіп, талайына қол ұшын берген.

Ссылка на запись: ШОРМАНОВ СӘДУАҚАС

Қ

ҚАЙЫПОВ АРЫҚТАЙ

ҚАЙЫПОВ АРЫҚТАЙ

ҚАЙЫПОВ АРЫҚТАЙ (10.10.1914, Қарағанды облысы, Ульянов ауданы - 1993, Алматы) -геолог, геология-минералогия ғылымдарының докторы (1964), профессор (1964), Қазақ ССР ҒА-ның академигі (1972). Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1971). Қазақтың кен металлургия институтын (1939) және аспирантурасын (1943) бітірген. 1943 жылдан Қазақ ССР ҒА-ның Геологиялық ғылымдар институтында қызметкер, 1947-64 жылдар аймақтық металлогения секторының меңгерушісі, 1964-66 жылдары директордың орынбасары, 1970 жылдан рудалы аудандар бөлімінің меңгерушісі. Ащысай және Зырянов кендерінде жүргізген зерттеулері жаңа руда қабатын табуға және кендердің жалпы қорын анықтауға мүмкіндік берді. Оның Жоңғар Апатауында, Шығыстағы Миөзек-Қүсмұрын металлогениялық зонасында, Солтүстік Қазақстан мен Сарыарқа аудандарында жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде алтынның, мыстың, полиметалдың өндірістік кендерінің теменгі палеозойдағы вулкандық жыныстармен байланыстылығы Қазақстанда алғашқы рет анықталды. Орталық Қазақстанның, соның ішінде Сарыарқаның бесжылдық-металлогениялық картасын жасаушылардың және редакторларының бірі. Оның басшылығымен 11 томдық "Металлогения Казахстана" монографиясы жарыққа шықты (1977-1983).

Ссылка на запись: ҚАЙЫПОВ АРЫҚТАЙ

ҚАСЫМОВ ҚАМАР

ҚАСЫМОВ ҚАМАР

ҚАСЫМОВ ҚАМАР (1893, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы - 1966, Апматы) - музыка аспабын жасаушы шебер, ҚазССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1958). Негізінен домбыра, қобыз, сыбызғы тағы басқа музыкалық аспаптарды жаңартып, жетілдірумен шұғылданды. Оның басшылығымен Қазақтың халық аспаптар оркестрі үшін көптеген музыкалық аспаптар жасалды. Қазақтың әшекейлеп, өрнектеп жасаған музыкалық аспаптары Мәскеу, Санкт-Петербург, Алматы, Семей мұражайларында сақтаулы. Еңбек Қызыл Ту орденімең медальдармен марапатталған.

Ссылка на запись: ҚАСЫМОВ ҚАМАР


Страница: (Назад)   1  2  3
  Все