ҚАЙЫПОВ АРЫҚТАЙ

ҚАЙЫПОВ АРЫҚТАЙ

ҚАЙЫПОВ АРЫҚТАЙ (10.10.1914, Қарағанды облысы, Ульянов ауданы - 1993, Алматы) -геолог, геология-минералогия ғылымдарының докторы (1964), профессор (1964), Қазақ ССР ҒА-ның академигі (1972). Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1971). Қазақтың кен металлургия институтын (1939) және аспирантурасын (1943) бітірген. 1943 жылдан Қазақ ССР ҒА-ның Геологиялық ғылымдар институтында қызметкер, 1947-64 жылдар аймақтық металлогения секторының меңгерушісі, 1964-66 жылдары директордың орынбасары, 1970 жылдан рудалы аудандар бөлімінің меңгерушісі. Ащысай және Зырянов кендерінде жүргізген зерттеулері жаңа руда қабатын табуға және кендердің жалпы қорын анықтауға мүмкіндік берді. Оның Жоңғар Апатауында, Шығыстағы Миөзек-Қүсмұрын металлогениялық зонасында, Солтүстік Қазақстан мен Сарыарқа аудандарында жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде алтынның, мыстың, полиметалдың өндірістік кендерінің теменгі палеозойдағы вулкандық жыныстармен байланыстылығы Қазақстанда алғашқы рет анықталды. Орталық Қазақстанның, соның ішінде Сарыарқаның бесжылдық-металлогениялық картасын жасаушылардың және редакторларының бірі. Оның басшылығымен 11 томдық "Металлогения Казахстана" монографиясы жарыққа шықты (1977-1983).

» Глоссарий