История Казахстана

Қазақстан тарихынан жаңа сұрақтар.

Қазақстан тарихынан жаңа сұрақтар.

от Пользователь удален -
Количество ответов: 0
  1. А.Пушкин атындағы мемлекеттік көпшілік кітапхана ашылды: 1939 жылы
  2. Қ.И.Сәтбаевқа 1942 жылы мемлекеттік сыйлық берілді: Жезқазған мыс кен орындарына сіңірген еңбегі үшін
  3. Қазақ КСР ғылым академиясы ашылды: 1946 жылы
  4. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанда ашылған жоғары оқу орны: Шымкент технология институты
  5. Ұлы Отан соғысы жылдары Алматыға Мәскеуден көшіріліп орналастырылған жоғары оқу орны: Авиация институты
  6. Ұлы Отан соғысы кезінде әдебиетте пубилицистикалық мақалалары елеулі құбылыс болған майдангер-офицер: Б.Бұлқышев
  7. Ұлы Отан соғысы жылдарында түсірілген кино-картина: «Абай әндері»
  8. 1942-1944 жылдары Қазақстанға майданнан келген делегациялар: 22 делегация
  9. Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған  С.Мұқановтың повесі: «Өмір мектебі»
  10. Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматы қаласында ашылған жоғары оқу орны: Шет тілдер институты
  11. КСРО Ғылым академиясының кешенді экспедициясы Қазақстан аумағында статистикалық-экономикалық, топырақ-ботаникалық, геологиялық, гидрогеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіді: 1926-1927 жылдары
  12. Революцияға дейінгі қазақ зиялылар өкілдерінің бірі, шебер аудармашы: Ә.Бөкейханов
  13. Ұлттық қазақ театрына көптеген шығармашылық жетістіктері үшін 1937 жылы берілген атақ: Қазақ академиялық драма театры
  14. Қазақстаннан Ұлы Отан соғысына қатысқан ақын-жазушылар саны: 100-ге жуық
  15. С.М.Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеті) Қазақ мемлекеттік университеті ашылды: 1934 жылы
  16. 1920-1930 жылдары Қазақстанды ғылыми тұрғыда зерттеу үшін құрылған қоғам: Қазақстанды зерттеу қоғамы
  17. 1920-1930 жылдары зерттелген Қазақстанның мұнайлы ауданы: Ембі мұнайлы ауданы
  18. 1920-1930 жылдары ғылыми тұрғыда зерттелген түсті металл кеніші: Ащысай қорғасын кеніші
  19. 1938 жылы қазақтың алғашқы дыбысты фильмі «Амангелді» кинокартинасын жасаған киностудия: «Ленфильм»
  20. Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті: Қ.Сәтбаев
  21. Қазақстан Ғылым академиясын құруға, ғылыми жұмыстардың ұйымдастырылуына көмек көрсеткен көрнекті орыс ғалымы: А.М.Панкратова
  22. Қазақ КСР Ғылым академиясының 1946-1949 жылдар аралығында халық шаруашылығына енгізу үшін жасаған ұсыныстар мен зерттеулер саны: 900-ден астам
  23. Көшпелілердің қола дәуірдегі тарихы мен мәдениетіе зерттеген белгілі ғалым: Ә.Марғұлан
  24. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда барлық жоғары оқу орындарында өтілетін ең негізгі пән: Партия тарихы
  25. М.Әуезовтың КСРО мемлекеттік сыйлығын алған шығармасы: «Абай»
  26. 1950 жылдардағы ұлттық прозаның жетістігі болған Ғ.Мүсіреповтың романы: «Оянған өлке»
  27. 1949 жылы Мәскеуде өткен Қазақ кеңес әдебиетінің онкүндігінде әдеби қауымның назарын аударған Ғ.Мұстафиннің орыс тіліне аударылған повесі: «Шығанақ»
  28. Одаққа танымал болған «Тың игерушілер» атты очерктер кітабының авторы: И.Шухов
  29. «Гүлстан» повесінің авторы, ұйғыр жазушысы: Х.Абдуллин
  30. Жастар мен студенттердің дүниежүзілік VI фестивалының лаураеты атанған шығармашылық ұйым: Қазақ КСР Мемлекеттік ән және би ансамблі
  31. Республика мәдениет әлеміндегі елеулі оқиға болған, 1946 жылы қойылған опера: «Біржан – Сара»
  32. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары «Жамал», «Атамекен» сияқты суреттерді дүниеге әкелген жас суретші: Қ.Телжанов
  33. Сталиндік жазалаудың құрбаны болған С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров есімдері ақталды: КОКП ХХ съезінен кейін
  34. Қазақстан ғылымында қоғамдық ғылымдарды зерттеу ауқымы кеңейтілді: 1950 жылдар ішінде
  35. 1950 жылдары шығармаларын жинап, жарыққа шығару қолға алына бастаған ағартушы-ғалымдар: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин
  36. 1946 жылғы республиканың мәдени және ғылыми өміріндегі елеулі оқиға: Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы
  37. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары партиялық әкімшілік қоғамтанушы ғалымдардан талап еткен зерттеулер: Коммунистік идеологияны қуаттаған зерттеулер
  38. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда Алматыдан басқа ірі ғылыми орталықтар бой көтерген қалалар: Өскемен, Қарағанды, Шымкент
  39. 1954 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған ұйғыр сазгерінің симфониялық поэмасы: «Ризвангүл»
  40. Алғашқы адамдардың тас өңдеуде неғұрлым биік деңгейге көтерілген уақыты: Неолит
  41. Алғашқы адамдардың еңбек құралдарының жаңа түрлері – дәнүккіш, келі, балта, т.б. ойлап тапқан уақыт: Неолит.
  42. Алғашқы адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен: Еңбек құралдарын жасауды игеру
  43. Ежелгі адамдардың ең әуелде отты қайдан алғанын анықтаңыз: Найзағайдың түсуінен жанған ағаштан
  44. Жер бетінің күрт сууына байланысты алып мұздық пайда болған аймақтар: Еуропа мен Азияның солтүстігінде.
  45. Ғалымдардың айтуы бойынша бұдан 100 мың жыл бұрын жер бетінде пайда болған мұздықтың қалыңдығы: 2км.
  46. Алғашқы адамдардың киім тігуге жіп орынына пайдаланған материалы: Жануарлардың сіңірлері
  47. Алғашқы адамдардың киім тігу үшін инені қандай заттан жасағанын анықтаңыз: Үшкір сүйектен
  48. Жамбыл облысынан табылған палеолит дәуірінің бес мыңнан аса еңбек құралдарының бәрі қандай заттар екенін анықта: Қашау мен үшкір заттар
  49. Қола дәуірінде Қазақстан жерінде өмір сүрген тұрғындардың қоғамдық құрылысын анықтаңыз: Рулық-тайпалық құрылым
  50. Жеке меншік қалыптасты: Қола дәуірінде
  51. Қола дәуірінің екі түрге бөлінетін тұрғын үйлерін атап көрсетіңіз: Жартылай жертөле үйлер, жер бетіне салынған үйлер.
  52. Бұқар жыраумен замандас Қанжығалы қарт Бөгембайды жоқтау және оның өлімін Абылайға естірту сияқты жырлары бар атақты жырау: Үмбетей
  53. С.Торайғыровтың өмір шындығын, халық тағдырын сипаттауда маңызын жоғалтпаған туындысы: «Қамар сұлу»
  54. КСРО дәуірінде кертартпа ұлтшыл буржуазияшыл басылым ретінде сипатталып келген басылым: «Қазақ» газеті
  55. Батыс Сібір генерал-губернаторының тапсырмасына сай Зайсан көлінің өңірін, Ертіс бойын зертеп, карта дайындаған оқымысты: Е.Михаэлис
  56. Абайдың шәкірттерінің ішінде ең мол мұра қалдырған: Ш.Құдайбердиев
  57. Қазақ тілі мен әдебиетін дамытуда шығармашылық мұрасы ерекше орын алатын тұлға: А.Байтұрсынұлы
  58. XX ғасырдың басында демократияшыл, ағартушылық, гуманистік бағыттағы ақын, тарихшы, философ ретінде танылған: Ш.Құдайбердіұлы
  59. 1906 жылы патша үкіметі қабылдаған оқу-ағарту ісіндегі ережелерінің Қазақстанға әсері: Орыс-қазақ мектептерінің кеңеюіне жағдай жасады