Лепті сөйлемді анықтаңыз.
=A) Па! Шіркіннің сөзі!
B) Мынау қоян жепті ғой.
C) Не күдігіңіз бар еді?
D) Қандай айғақ таптыңыз?
E) Ертең қызық болады.
Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.
A) Алатаудың көркін айтсаңшы, шіркін!
B) Ауылға ақындар келді.
C) Мен шебер бола алар ма екенмін?
=D) Осы жағдай сенің де есіңде болсын.
E) Мәселесі шешілді.
Сөйлемді анықтаңыз.
A) Тепсе темір үзетін.
B) Ақ шағала.
C) Қызыл күрең шай.
D) Суға жүзу жарысы.
=E) Біз жидек тердік.
Сұраулы сөйлемді анықтаңыз.
A) Ол бізге келмеді.
B) Ол бір қызық дәуір екен.
C) Үйде пеш жоқ.
=D) Десятниктерің кім.
E) Пай-пай, мына аттың семізін-ай.
Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.
A) Осының бәрі рас.
B) Беу шіркін, таудың күйі, тастың күйі.
=C) Адамнан мықты не бар екен.
D) Бала қарсы айтуға сөз таба алмады.
E) Оралым менің, Оралым.
Айтылу түрлеріне қарай сөйлемдердің неше түрге бөлінетінін анықтаңыз.
A) 1.
B) 2.
C) 3.
=D) 4.
E) 5.
Хабарлы сөйлемнің ерекшелігін белгілеңіз.
=A) Іс-әрекеттің белгілі бір шақта жүзеге асатындығын білдіреді.
B) Жетек сұрақтар арқылы жасалған сөйлем.
C) Ерекше эмоциямен айтылатын сөйлем.
D) Көңіл-күйді білдіретін сөйлем.
E) Бұйрық не шартты райға –шы, -ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалған сөйлем.
-ақ, -ай, -ау, ғой шылауларының қатысымен жасалатын сөйлем түрін анықтаңыз.
A) Хабарлы сөйлем.
B) Бұйрықты сөйлем.
=C) Лепті сөйлем.
D) Жай сөйлем.
E) Сұраулы сөйлем.
Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалатын сөйлемді атаңыз.
A) Хабарлы сөйлем.
B) Бұйрықты сөйлем.
C) Лепті сөйлем.
D) Жай сөйлем.
=E) Сұраулы сөйлем.
Сөйлем түрін белгілеңіз. Жібермесем, сағы сынады-ау( ) Тәуекел, жіберсем бе екен( )
A) Хабарлы сөйлем.
B) Бұйрықты сөйлем.
=C) Лепті сөйлем.
D) Жай сөйлем.
E) Сұраулы сөйлем.
Дара бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз.
=A) Талаптыға нұр жауар.
B) Еңбек түбі – береке.
C) Үш салт атты жүріп келеді.
D) Шу өңірі өнімді мол береді.
E) Сегіз қырлы, бір сырлы.
Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.
=A) 3.
B) 2.
C) 4.
D) 1.
E) 5.
Жасырын тұрған бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз.
A) Ол жығылып қалды.
B) Табиғат – біздің досымыз.
C) Марат күліп жіберді.
=D) Еңбек етсең, есейерсің.
E) Ол тыңдағанды жақсы көреді.
Бастауыш қызметін атқарып тұрған сан есімді көрсетіңіз.
A) Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
B) Сабақты екеулеп оқыды.
C) Қызыл шұбары – он үш.
=D) Отыз – онға бөлінеді.
E) Сексенді екіге бөл.
Бастауыш қай сөз табынан екенін анықтаңыз.
Кейбіреулері сәл тоқтады.
A) Зат есім.
B) Сын есім.
=C) Есімдік.
D) Етістік.
E) Одағай.
Бастауыш қызметін атқарып тұрған етістікті көрсетіңіз.
A) Бұл – Еркебұлан сөзі.
B) Кешікпей Абайлар да аттанды.
=C) Келгендер – осы ауылдың адамдары.
D) Орамалың бар ма?
E) “Тұр орныңнан,” – деп әмір етті.
Бастауыш қызметіндегі есімшені табыңыз.
A) Ол – күлдіргі бала.
=B) Оқыған озады.
C) Мақсат ән айтты.
D) Армансыз адам болмайды.
E) Арманға жету керек.
Есімдіктен болып тұрған бастауышты анықтаңыз.
A) Маған сыйлық әкелді.
=B) Мен еңбекті бағалаймын.
C) Ана сүтін ардақта.
D) Оның төрттен бірін ал.
E) Сыйлық бәріне жетті.
Үйірлі бастауышты табыңыз.
A) Омар және Арман қырман басында жүр.
B) Күле беру – ыңғайсыз.
=C) Жұмысы жоқтық аздырар адам баласың.
D) Өзіміз де жүргелі отырмыз.
E) Тыңдау – мәдениеттілік белгісі.
Жалпылау есімдігінен болған бастауышты табыңыз.
=A) Бәріміз уәдені орындадық.
B) Жата-жастана айтарсыз.
C) Мен ертең келемін.
D) Қашан келесіңдер?
E) Біз тез келдік.
Жалқы есімнен болған бастауышты белгілеңіз.
A) Жиырма – тақ сан.
=B) Сара қуанды.
C) Ол сүрініп кетті.
D) Поезд уақытында келді.
E) Орындық әкеленді.
Үйірлі бастауышты көрсетіңіз.
A) Омар және Арман қырман басында жүр.
B) Күле беру – ыңғайсыз.
=C) Билеті барлар орындарына жайғасты.
D) Өзіміз де жүргелі отырмыз.
E) Тыңдау – мәдениеттілік белгісі.
Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді белгілеңіз.
=A) Атың әдемі екен.
B) Оның өзі шеткерірек тұр екен.
C) Көп ұзамай жауын басылды.
D) Өңі алабұрта күрең тартқан.
E) Бүгін сабақта Әмір жоқ.
Үйірлі баяндауышты белгілеңіз. Есті адамдарда бар қасиет – уайым жеу.
A) Есті.
B) Адамдарда.
C) Бар.
D) Қасиет.
=E) Уайым жеу.
Зат есімнен болған баяндауышты көрсетіңіз. Сендер өмірдегі ең бақытты адамсыңдар.
A) Сендер.
B) Өмірдегі.
C) Ең.
D) Бақытты.
=E) Адамсыңдар.