Қыстырма сөзді табыңыз.
A) Иә.
B) Еһе.
=C) Шынында.
D) Апырау.
E) О, сиқыр.
Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
A) Қарағым, бүгін күн жұма ғой.
B) Қой, не де болса қалмайық енді.
C) Жүрегім, ойбай, соқпай енді.
=D) Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ.
E) Уа, халқым, құлаш жаздың кең өріске.
Қыстырма сөзді анықтаңыз.
A) Алақай.
=B) Әрине.
C) Кінәлі.
D) Жолдастар.
E) Қап.
Одағайды көрсетіңіз.
A) Е, отағасы қай жаққа барасыз?
B) Балам, қандай ойыңыз бар?
C) Қысқасы, бәрің қалмай барыңдар.
=D) Мен не қылдым, япырмау?
E) Өзі тіпті көшелі кісі боп қапты.
Одағай сөзді анықтаңыз.
A) Достар, әрқашан мұқият болыңдар.
B) Айналайын-ай, үйін сағынған ғой.
=C) Моһ-моһ, сен менің асау тайым.
D) Айталық, сізбен келістік, сонда не болды?
E) Менің күнделігімді қарап жіберші, апа.
Одағай сөзді көрсетіңіз.
=A) Бәрекелді, мынау қызық екен.
B) Армандарына жетіп, көңілдері бір жайланды.
C) Өмір өтті, озды, қартайды.
D) О заман да, бұ заман, мұндай сұмдық естіп пе ең?
E) Жанатбек, мынаны қарай тұр.
Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
A) “Тарақ” деген сөздегі “та” буыны – ашық буын.
=B) Ұста: “Бұны қайдан көрдім?” – деп ойлады.
C) “Қол ұстату” деген ырым осы.
D) “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырын оқыдың ба?
E) Сен дегенде ойым таза.
Автор сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
=A) –Бұл не деген жұмбақ? – десті екеуі.
B) “Аққу көлі” балетін көрдің бе?
C) “Ат” – көп мағыналы сөз.
D) Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы.
E) Ендеше, жөніңді біл, шығарма үніңді.
Төлеу сөзді сөйлемді анықтаңыз.
A) “Тарақ” деген сөздегі “та” буыны – ашық буын.
=B) Ұста бұны қайдан көргенін ойлады.
C) “Қол ұстату” деген ырым осы.
D) “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырын оқыдың ба?
E) Ұста: “Бұны қайдан көрдім?” – деп ойлады.
Төл сөзді сөйлемді табыңыз.
=A) “Қалауын тапса, қар жанады,” – деген мақал – үлкен философия.
B) “Көзімнің қарасы” – махаббат әні.
C) Киноға барайын деп едім.
D) Өзім де солай деп ойладым.
E) Қоян “батыр” қорыққаннан зыта жөнелді.
Автор сөзі төл сөзінен кейін тұрған сөйлемді анықтаңыз.
A) Баланың ермегі – “Ақсүйек”, ”Соқыр теке”.
=B) “Осы күні сол ара жайнаған қызыл гүл,” – дейді.
C) Ол: “Бұл не деген жұмбақ?” – деп ойлады.
D) Ұста: “Бұны қайдан көрдім?” – деп ойлады.
E) “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырын оқыдың ба?
Төлеу сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
A) Сен дегенде сөз бар ма?
B) Әй дер әже, қой дер қожа жоқ.
C) Баланың соңғы ермегі – “Ақсүйек”.
=D) Осы күні сол жер қызыл гүл екенін айтты ол.
E) Сауатты болу – дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.
Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
A) “Абай жолы” романы – құнды шығарма.
B) Ақ көңіл Ақаң “баланың” сырғытпасын сезген жоқ.
C) Оспан деген әдепті бала.
=D) – Енді не істемекшісің? – деді ана.
E) Ол ештеңе дей алмады.
Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
=A) – Бұл не деген жұмбақ? – десті екеуі.
B) “Аққу көлі” балетін көрдің бе?
C) “Ат” – көп мағыналы сөз.
D) Өлең – сөздің патшасы...
E) Ендеше, жөніңді біл, шығарма үніңді.
Төл сөзді сөйлемді белгілеңіз.
A) Сен дегенде сөз бар ма?
B) Әй дер әже, қой дер қожа жоқ.
C) Балалардың соңғы ермегі – “Ақсүйек”.
=D) “Осы күні сол ара жайнаған қызыл гүл,” – дейді.
E) Сауатты болу дегеніміз – дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.
Төлеу сөзді сөйлемді табыңыз.
A) Өлеңдері “Жас Алашта” жарияланды.
B) “Шұға айныса, амалым жоқ,” – деді Әбдірахман.
C) Апасының “кішкенесі” – жиырма жаста.
D) Розаның “Әлиясын” бүкіл қазақ сүйіп тыңдайды.
=E) Білмегенді біле беру керектігін Шәкәрім айтып еді.
Төлеу сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
A) “Құстар қайтып барады” – тамаша ән.
B) Ай, білмеймін, бар себеп сол ғана ма?
=C) Кемпір оның далаға шығып кетуін өтінді.
D) Әр жақсыны көргенде ғибраттану керек.
E) “Ол ешкімге тіс жармады,“ - деді Айжан.
Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз.
A) Ол: “Батыр хал қалай?” деді.
B) Ол, Батыр, хал қалай? деді.
=C) Ол: “Батыр, хал қалай?” – деді.
D) Ол: Батыр, хал қалай – деді.
E) Ол “Батыр, хал қалай?” – деді.
Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді көрсетіңіз.
=A) “Көлтауысар, көлдің суын құрт,” – деді Төстік.
B) “Көлтауысар, көлдің суын құрт”- деді Төстік.
C) “Көлтауысар, көлдің суын құрт” деді Төстік.
D) Көлтауысар көлдің суын құрт – деді Төстік.
E) “Көлтауысар, көлдің, суын құрт” – деді Төстік.
Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді көрсетіңіз.
=A) Абай былай деді: “Баланың жақсысы – қызық, жаманы - күйік”.
B) Абай былай деді “Баланың жақсысы – қызық, жаманы - күйік”.
C) Абай былай деді – Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік.
D) Абай былай деді – “Баланың жақсысы – қызық, жаманы - күйік”.
E) Абай былай деді “Баланың жақсысы қызық, жаманы күйік”.
Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді көрсетіңіз.
A) – Жарқыным жөніңді ұқтыршы, қайда барасың? – деді Мөңке.
B) – Жарқыным жөніңді, ұқтыршы, қайда барасың? – деді, Мөңке.
C) Жарқыным, жөніңді ұқтыршы, қайда барасың? – деді, Мөңке.
D) Жарқыным жөніңді, ұқтыршы, қайда барасың? – деді Мөңке.
=E) – Жарқыным, жөніңді ұқтыршы, қайда барасың? – деді Мөңке.
Тағысын тағылар, тағы басқалары деген сөздер қысқартылып жазылғанда қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз.
A) Сызықша.
B) Көп нүкте.
C) Үтір.
=D) Нүкте.
E) Нүктелі үтір.
Көп нүктенің қойылатын жерін көрсетіңіз.
A) Бірыңғай мүшелер арасына.
B) Бастауыш пен баяндауыш арасына.
=C) Оқиға толық аяқталмай тоқталса.
D) Қысқартылған сөзден кейін.
E) Ой санамалап айтылса.
Нүкте қойылатын жерді көрсетіңіз.
A) КПИ, АлМУ (араларына).
B) Км, м, кг (ұзындық өлшемі қысқартылғанда).
C) Цифрадан не әріптен соң жарты жақша қойылса.
D) Кітаптағы тақырыптардың атынан соң.
=E) Драмалық шығармаларда әр кейіпкердің атынан кейін қойылады.
Нүкте қойылмайтын жерді белгілеңіз.
A) Нүкте тиянақталған ойды білдіретін хабарлы сөйлемнен кейін.
B) Адамның аты, тегінің бас әріптері шартты түрде қысқартылғанда.
C) Тағысын тағылар, тағы басқалар деген сөздер қысқартылып алынғанда.
D) Жыл, ғасыр, сағат қысқартылып қолданса.
=E) Қандай, неткен есімдіктері қуаныш мағынасын білдіріп тұрса.