Банк тестов по Казахскому языку

Тест №18 по Казахскому языку

Тест №18 по Казахскому языку

от Kris Kim -
Количество ответов: 0

Қосарлама қос сөзді көрсетіңіз.
A) Көкпеңбек, қолма-қол.
=B) Шегара, құрбы-құрдас.
C) Қысы-жазы, оқта-текте.
D) Қып-қызыл, түйе-мүйе.
E) Көзбе-көз, жалт-жұлт.
Қысқарған сөзді табыңыз.
=A) Кг., т.б.
B) Қызылорда, Ақтөбе.
C) Сөйтіп, ештеңе.
D) Әркім, әлдекім.
E) Өнерпаз.
Жалқы зат есімнің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Біркелкі заттардың жалпы атауы.
=B) Заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана қойылған аты.
C) Заттың сынын білдіреді.
D) Нақтылы тануға болатын зат атуы.
E) Адамның ойлауы нәтижесінде танысатын атау.
Жалпы зат есімді белгілеңіз.
A) Байжан.
B) Теміртау.
C) Құлагер.
=D) Адам.
E) “Ақжелкен” журналы.
Жалқы зат есімді анықтаңыз.
A) Тау.
B) Іні.
=C) Теміртас.
D) Орман.
E) Қапшық.
Сөз табының санын көрсетіңіз.
A) 3.
B) 4.
C) 6.
D) 7.
=E) 9.
Зат есімге лайық қатарды табыңыз.
A) Етістік.
B) Көмекші сөздер.
C) Бейтарап сөздер.
D) Еліктеу сөздер.
=E) Есім сөздер.
Деректі зат есімі бар қатарды көрсетіңіз.
A) Адамгершілік, ақыл, ағаш.
B) Парасат, сезім, қалам.
=C) Мектеп, қағаз, гүл.
D) Қуаныш, реніш, дәптер.
E) Қалам, өкініш, шаттық.
Адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын ұғым атаулары.
А) Жалпы зат есім.
В) Жалқы зат есім
С) Деректі зат есім.
=D) Дерексіз зат есім.
Е) Жанды зат есім.
Негізгі зат есімді белгілеңіз.
A) Балықшы.
B) Кітапхана.
=C) Әке.
D) Бұрғы.
E) Егін.
Туынды зат есімді белгілеңіз.
A) Үй.
B) Іні.
=C) Әнші.
D) Күй.
E) Аға.
Күрделі зат есімді көрсетіңіз.
A) Ауыл.
B) Көрме.
=C) Көкшетау.
D) Қақты.
E) Бейбітшілікті.

Ілік септігінде тұрған зат есімді табыңыз.
A) Маңайда.
B) Клубтан.
C) Көркемөнер.
=D) Мектептің.
E) Сөзге.
Тәуелденген зат есімді көрсетіңіз.
A) Үйлерге.
B) Қонақтар.
=C) Атыңыз.
D) Темірсің.
E) Таумен.
Жіктелген зат есімді анықтаңыз.
=A) Баламын.
B) Сендер.
C) Қайтыңдар.
D) Еліңіз.
E) Баласы.
Жіктік жалғауының екінші жағында тұрған зат есімді табыңыз.
A) Баласын.
=B) Жиенсің.
C) Студентпіз.
D) Келгенбіз.
E) Адаммын.
Зат есімнің анықтауыш қызметіндегі сөзін табыңыз.
=A) Анасының тілін алмаған азапқа қалады.
B) Кең болсаң, кем болмайсың.
C) Ол әрең келеді.
D) Абай қатты қуанды.
E) Мұның тамыры тереңде.
Сөйлемдегі сын есімді көрсетіңіз. Әсем сабақты жақсы оқиды.
A) Әсем.
B) Сабақты.
=C) Жақсы.
D) Оқиды.
E) Жоқ.
Етістіктен болған сын есімді көрсетіңіз.
A) Ажарлы.
=B) Шашыраңқы.
C) Күллі, тегіс.
D) Әкелді.
E) Келді.
Есім сөзден жасалған сын есімді көрсетіңіз.
A) Ұрысқақ.
B) Білгіш.
C) Айтқыш.
=D) Денелі.
E) Көргіш.
Етістіктен болған сын есімді көрсетіңіз.
A) Тарихи.
B) Әуесқой.
C) Өнерпаз.
D) Бойшаң.
=E) Бітік.
Туынды сын есімнен жасалған бастауышты табыңыз.
=A) Өнерлі өрге жүзер.
B) Айдар сымбатты болды.
C) Ала жаздай үй салумен болды.
D) Оқу үшін осында келдім.
E) Жігіттің ұйқысы шайдай ашылды.
Туынды сын есімді атаңыз.
A) Қара.
B) Көк.
C) Биік.
D) Таза.
=E) Ашық.
Есім сөздерден жасалған сын есімді көрсетіңіз.
A) Оқыр, кеткіз.
B) Берекелі, оқырман.
=C) Қазандай, торсықтай.
D) Оқытқыз, жаздыр.
E) Табиғат, әлемдей.
Есім сөздерден жасалған сын есім қатарын белгілеңіз.
A) Барғалы, аздыр.
B) Қалашық, айтқыш.
=C) Өнерпаз, намысқой.
D) Пой-пой, пәлі.
E) Он жеті, елу мың.

пройти тест