Банк тестов по Казахскому языку

Тест №19 по Казахскому языку

Тест №19 по Казахскому языку

от Kris Kim -
Количество ответов: 0

Негізгі сын есімді көрсетіңіз.
A) Киімшең.
B) Табыскер.
C) Ұйқышыл.
=D) Терең.
E) Жазғы.
Сапалық сын есімнің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Заттың белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есім.
B) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыратын сын есім.
=C) Негізгі сын есімнің өзінен болып, заттың сынын анықтайтын сын есім.
D) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің өте артық екендігін білдіретін сын есім.
E) Заттың мезгіл-мекенге қатыстылығын білдіретін сын есім.
Қатыстық сын есімнің анықтамасын табыңыз.
=A) Заттың белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есім.
B) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыратын сын есім.
C) Негізгі сын есімнің өзінен болып, заттың сынын анықтайтын сын есім.
D) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің өте артық екендігін білдіретін сын есім.
E) Заттың сынын білдіретін сын есім.
Сын есімнің шырай түрін көрсетіңіз.
A) 3.
B) 4.
=C) 2.
D) 5.
E) 1.
Күшейтпелі шырайды көрсетіңіз.
A) Ағырақ, көкше.
B) Қуаң, бозаң.
C) Сұрша, бозғыл.
=D) Аппақ, аса терең.
E) Сарғылт, күреңдеу.
Күшейтпелі шырайды көрсетіңіз.
A) Кішірек, көкше.
B) Көкшіл, көктеу.
C) Сұрлау, көкшілтім.
=D) Көкпеңбек, шымқай қызыл.
E) Қоңырқай, сұрлау.
Салыстырмалы шырайды көрсетіңіз.
A) Ұп-ұзын.
B) Сұп-суық.
=C) Үлкенірек.
D) Аппақ.
E) Тым биік.
Сөйлемнен анықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді белгілеңіз.
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.
=A) Жақсының.
B) Жақсылығын.
C) Айт.
D) Нұры.
E) Тасысын.
Сөйлемнен баяндауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді белгілеңіз. Сен бір артық көркемсің.
A) Сен.
B) Бір.
C) Артық.
D) Жоқ.
=E) Көркемсің.
Сөйлемнен пысықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді көрсетіңіз. Өлеңмен сөзді желдей құйындатқан.
A) Өлеңмен.
B) Сөзді.
=C) Желдей.
D) Құйындатқан.
E) Жоқ.
Жинақтық сан есімді табыңыз.
A) Үш-үштен.
B) Жиырма екі.
=C) Бесеу.
D) Оннан үш.
E) Жүз.
Жинақтық сан есімге тән жұрнақты көрсетіңіз.
A) -ыншы, -інші.
=B) -ау, -еу.
C) -тан, -тен.
D) -дай, -дей.
E) -лық, -лік.
Реттік сан есімге тән жұрнақты көрсетіңіз.
=A) -ыншы, -інші.
B) -ау, -еу.
C) -тан, -тен.
D) -дай, -дей.
E) -лық, -лік.

Есептік сан есімнің сұрағын көрсетіңіз.
A) Нешінші?
=B) Қанша?
C) Нешеу?
D) Қай шамасы?
E) Нешеден?
Топтау сан есімін көрсетіңіз.
A) Үштің бірі.
B) Жүзінші.
C) Жетеу.
D) Жүз-жүзден.
=E) Мыңдап.
Есептік сан есімнің күрделі түрін анықтаңыз.
A) Он төртінші.
=B) Он төрт.
C) Төрт-төрттен.
D) Он-оннан.
E) Оннан екі.
Жинақтық сан есімі бар сөйлемді көрсетіңіз.
A) Бес жерде бес – жиырма бес.
B) Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
C) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
=D) Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
E) Елу – ердің жасы.
Дұрыс жазылған сан есімді табыңыз.
A) Жиырмабес.
B) 25 ке толды.
C) 5 сынып.
=D) 8наурыз.
E) 7-қазан.
Дұрыс жазылған реттік сан есімді көрсетіңіз.
A) 23 қатар.
=B) 105-мектеп.
C) 10 мектеп.
D) X
E) XX-ғасыр.
Қате жазылған болжалдық сан есімді табыңыз.
A) 1000-дап.
B) 100-деген.
C) Сағат 5-терде.
=D) 10 даған.
E) Қырық-елу.
Дұрыс жазылған топтау сан есімді көрсетіңіз.
A) 10-оннан.
B) 10-15 тен.
=C) 20-20-дан.
D) Бес бестен.
E) Жүз жүзден.
Сөйлемнен сан есімді көрсетіңіз. Біз екі-екіден бөліндік.
A) Біз.
=B) Екі-екіден
C) Әдемі.
D) Бөліндік.
E) Пысықтауышы жоқ.
Жіктеу есімдігін табыңыз.
=A) Мен.
B) Сол.
C) Мынау.
D) Кім?
E) Барлық.
Жіктеу есімдігімен тіркесіп тұрған сөзді табыңыз.
=A) Сіз келесіз.
B) Атаның баласы.
C) Қалаға бару.
D) Көзбен көру.
E) Болат келді.
Сұрау есімдігін көрсетіңіз.
A) Бұлар.
=B) Қайсысы.
C) Мұнымен.
D) Біздікі.
E) Сіздер.

пройти тест