Буын талғамайтын жұрнақ арқылы жасалып тұрған сөзді көрсетіңіз.
A) Еңбекші.
=B) Еңбекқор.
C) Еңбеккер.
D) Еңбектер.
E) Еңбексіз.
Сингармонизм заңына бағынбайтын сөзді анықтаңыз.
A) Балалық.
=B) Әуезов.
C) Жігерлі.
D) Құрманғазы.
E) Балалар.
Буын үндестігіне сай қосымша сөзге қалай үндесетінін көрсетіңіз.
=A) Буынның жуан-жіңішкелігіне қарай.
B) Дауыссыз дыбысқа қарай.
C) Тұйық буынға қарай.
D) Тек жіңішке буынға қарай.
E) Тек жуан буынға қарай.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз.
A) Қалалық.
=B) Әсемпаз.
C) Білімді.
D) Кілтті.
E) Дұрыс.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз.
A) –қа.
B) –дан.
=C) –мен.
D) –лар.
E) –та.
Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз.
A) -дар, -дер.
=B) -нікі, -тай.
C) -ға, -ге.
D) -тан, -тен.
E) -лар, -лер.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны анықтаңыз.
A) -ға, -ге.
=B) -ды, -ді.
C) -мен, -бен.
D) -лар, -лер.
E) -ды, -ді.
Кейінді ықпал заңдылығына байланысты сөзді табыңыз.
A) Ұшқышсың.
B) Тал ек.
C) Әлдеқашан.
=D) Жанбады.
E) Ешқашан.
Ілгерінді ықпалды сөзді табыңыз.
A) Беру.
B) Жабу.
C) Секіру.
=D) Ашса.
E) Ашу.
Кейінді ықпалды табыңыз.
A) Үмітбек.
B) Көкшетау.
=C) Қара ала.
D) Жеңіл-желпі.
E) Әншінің әні.
Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз.
A) Жәйау.
B) Жайау.
=C) Жаяу.
D) Жайяу.
E) Жәйәу.
Орфоэпиялық нормаға сай жазылған сөзді табыңыз.
A) Көңіл аудару.
B) Көңіл күйі.
C) Көлік.
D) Шомылу.
=E) Өзөн.
Түбір сөзді көрсетіңіз.
A) Кемпірқосақ.
B) Ағайын-жұрт.
C) Көк жүзі.
=D) Тау.
E) Тау-тас.
Сөзжасамның анықтамасын көрсетіңіз.
A) Екі я одан да көп сөздің бірігуі.
B) Екі сөздің қосарлануы.
=C) Жаңа сөздердің жасалуы.
D) Дыбыстардың бірін-біріне ұқсатуы.
E) Сөздердің буынға бөлінуі.
Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін анықтаңыз.
A) Қос сөз.
B) Біріккен сөз.
C) Түбірлес сөз.
=D) Түбір сөз.
E) Тіркескен сөз.
Қосымшаның түрі нешеу екенін көрсетіңіз.
=A) 2.
B) 3.
C) 4.
D) 1.
E) 5.
Қосымшасыз тұрған түбір сөзді табыңыз.
=A) Ой.
B) Атадан.
C) Әкедей.
D) Ауылдас.
E) Бұрғы.
Түбір сөзді көрсетіңіз.
A) Маңдай-ша, ана.
B) Әке, әсемпаз.
=C) Бала, дос.
D) Білім, ілім.
E) Өнерпаз, білгіш.
Бірыңғай түбір сөздері бар қатарды көрсетіңіз.
A) Кітап, тасымал, аулы.
B) Дана, даналық, ауылға.
C) Отанды, өміршең, айшықты.
=D) Ыдыс, әңгіме, терезе.
E) Балажан, әкесі, кенші.
Туынды сөзді табыңыз.
=A) Айбындылық, ұрыншақ.
B) Мектеп, мол.
C) Сау, көр.
D) Бала, шәкірт.
E) Мұғалім, емтихан.
Туынды сөзді көрсетіңіз.
=A) Білім, оқушы.
B) Заңмен, адамдар.
C) Кітабым, әкесі.
D) Баламын, суға.
E) Атадан, ботаның.
Біріккен сөз қатысқан қатарды табыңыз.
A) Аяғымен кезек тебу.
B) Беті ашық шелек.
=C) Еламан түршігіп кетті.
D) Қуаныш ұзағынан болсын.
E) Төргі бөлмеде.
Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз.
=A) Көк(құтан), көк(жиек).
B) Көк(шөп), көк(базар).
C) Қол(қою), сары(май)..
D) Ат(қора), қол(сұғу).
E) Көк(көз), көз(жұму).
Дыбыстық өзгеріске ұшырап біріккен сөзді көрсетіңіз.
A) Алатау.
B) Жаңатас.
=C) Бүгін.
D) Сезімтал.
E) Ұғымтал.
Қайталама қос сөзді табыңыз.
A) Жып-жылы, әке-шеше.
=B) Өз-өзінен, жүзбе-жүз.
C) Үгіт-насихат, жап-жаңа.
D) Бақытты-бақытсыз, некен-саяқ.
E) Мәдени-ағарту, ат-мат.