Банк тестов по Казахскому языку

Тест №12 по Казахскому языку

Тест №12 по Казахскому языку

от Kris Kim -
Количество ответов: 0

276. Қазақ тіліне тән дыбыстардың санын анықтаңыз.
A) 5.
B) 6.
C) 7.
D) 8.
=E) 9.
277. Ілік септігінде тұрған зат есімді табыңыз.
A) Маңайда.
B) Клубтан.
C) Көркемөнер.
=D) Мектептің.
E) Сөзге.
278. Сөйлемдегі сын есімді көрсетіңіз.
Әсем сабақты жақсы оқиды.
A) Әсем.
B) Сабақты.
=C) Жақсы.
D) Оқиды.
E) Жоқ.
279. Туынды сын есімнен жасалған бастауышты табыңыз.
=A) Өнерлі өрге жүзер.
B) Айдар сымбатты болды.
C) Ала жаздай үй салумен болды.
D) Оқу үшін осында келдім.
E) Жігіттің ұйқысы шайдай ашылды.
280. Сын есімнің шырай түрін көрсетіңіз.
A) 3.
=B) 4.
C) 2.
D) 5.
E) 1.
281. «Қоян» сөзінің құрамында қанша дыбыс, қанша әріп барын анықтаңыз.
=A) 5 дыбыс, 4 әріп.
B) 5 дыбыс, 5 әріп.
C) 4 дыбыс, 4 әріп.
D) 4 дыбыс, 5 әріп.
E) 6 дыбыс, 4 әріп.
282. Тұрақты сөз тіркесін белгілеңіз.
A) Мұзды еріту.
B) Мұздай суық.
=C) Мұзға отырғызып кету.
D) Мұз айдыны.
E) Мұзда сырғанау.
283. Дауыссыз дыбыстардың анықтамасын белгілеңіз.
=A) Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстар.
B) Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дыбыстар.
C) Үннен ғана тұратын дыбыстар.
D) Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дыбыстар.
E) Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дыбыстар.
284. Қатаң дауыссыздарға берілген анықтаманы белгілеңіз.
A) Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырауынан жасалған дауыссыз.
=B) Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстар.
C) Салдыр мен үннің қатысуы арқылы жасалған дауыссыздар.
D) Үннен салдыры басым дауыссыздар.
E) Салдырдан үн басым болатын дауыссыздар.
285. Ұяң дауыссыздарға берілген анықтаманы көрсетіңіз.
A) Өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, салдыр пайда болады.
=B) Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, үннен салдыр басым дауыссыз дыбыстар.
C) Үн мен салдырдың қатысынан жасалған дыбыстар.
D) Салдырдан үн басым болатын дауыссыздар.
E) Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстар.
286. Ілгерінді ықпалға жататын сөздерді белгілеңіз.
A) Ашса, кітабы.
=B) Тастан, жазға.
C) Теуіп, жабады.
D) Сабағы, көнбеді.
E) Қолғабы, тарағы.
287. Кейінді ықпалға жататын мысалдарды белгілеңіз.
A) Қазақстан, адамнан.
B) Бұрымнан, сұранысқа.
=C) Тарағы, жазса.
D) Анаға, табаққа.
E) Мектепке, қаптан.
288. Үндестік заңына бағынбайтын септік жалғауын көрсетіңіз.
A) Барыс септік жалғауы.
B) Шығыс септік жалғауы.
=C) Көмектес септік жалғауы.
D) Табыс септік жалғауы
E) Жатыс септік жалғауы.

289. “Еш” сөзінің қай сөзбен бөлек жазылатынын көрсетіңіз.
A) Еш(кім).
=B) Еш(нәрсе).
C) Еш(қайда).
D) Еш(қандай).
E) Еш(бір).
290. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды анықтаңыз.
A) Ашық буын.
=B) Тұйық буын.
C) Бітеу буын.
D) Жалаң буын.
E) Ашық буын мен тұйық буын.
291. Сапалық сын есімді көрсетіңіз.
A) Таңдамалы шығарма.
B) Білгіш жан.
=C) Қызыл тал.
D) Қайыңды өлке.
E) Көшпелі халық.
292. “Еш” сөзінің қай сөзбен бірге жазылатынын белгілеңіз.
A) Еш(нәрсе).
B) Еш(уақыта).
C) Еш(болу).
=D) Еш(қашан).
E) Еш(адам).
293. Қатыстық сын есім қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
A) Қызыл тал мен ақ қайыңның бұтақтары жылтырап күнмен шағылысады.
B) Көл ортасында қалың жасыл қамыс.
C) Жаз бойы жасыл шалғыны жапырылмайды.
=D) Содан соң қысқы қора маңының лайсаңынан да құтылады.
E) Күздеудің отын әбден тауыспай , мал тұяғын тигізбейді.
294. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз.
=A) Қолымен істегенді мойнымен көтереді де...
B) Бала-шағаға мойын-сойын да тамақ.
C) Аққудың мойнындай мойын көз алдынан кетер емес.
D) Компьютер алдында көп отырғандықтан, мойным қарысып қалыпты.
E) Күнде-күнде мойнына массаж жасатады.
295. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
A) Құлақ салды.
B) Құлақ етін жеді.
C) Баспасөз – қоғамның құлағы, тілі.
=D) Құлағым ауырып жүр.
E) Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетеді.
296. Лепті сөйлемді анықтаңыз.
=A) Па! Шіркіннің сөзі
B) Мынау қоян жепті ғой.
C) Не күдігіңіз бар еді
D) Қандай айғақ таптыңыз
E) Ертең қызық болады.
297. Тағысын тағылар, тағы басқалары деген сөздер қысқартылып жазылғанда қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз.
A) Сызықша.
B) Көп нүкте.
C) Үтір.
=D) Нүкте.
E) Нүктелі үтір.
298. Толымды сөйлемнің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Бастауышы бар, баяндауышпен қиыса байланысқан сөйлем.
B) Бастауышы жоқ сөйлем.
=C) Ойға қатысты сөйлем мүшелері қатынасқан сөйлем.
D) Ойға қатысты сөздің толық берілмеген сөйлем түрі.
E) Тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.
299. Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлемді белгілеңіз.
A) Жақты сөйлем.
B) Жақсыз сөйлем.
C) Толымды сөйлем.
D) Жайылма сөйлем
=E) Жалаң сөйлем
300. Үш шақтың бірінде қолданылатын рай түрін белгілеңіз.
A) Қалау рай.
B) Бұйрық рай.
=C) Ашық рай.
D) Шартты рай.
E) Қалау рай мен бұйрық рай.

пройти тест