251. Етістіктерден болған синонимдерді көрсетіңіз.
A) Күшті, мықты.
=B) Шелдену, қоңдану.
C) Бағалы, құнды.
D) Әлді, қарулы.
E) Қайратты, қажырлы.
252. Қаратпа сөзді табыңыз.
A) Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастайды.
B) Керуен басы – Жәнібек!
C) Оған қарағым келмейді.
D) Теңіз толқыны күшейді.
=E) Айналайын, шырағым, сенбісің?
253. Термин сөздерді көрсетіңіз
A) Жақсы, жаман.
=B) Бастауыш, баяндауыш
C) Сәлемдесу, амандасу.
D) Тез, жылдам.
E) Ажар, көрік.
254. Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
A) Қарағым, бүгін күн жұма ғой.
B) Қой, не де болса қалмайық енді.
C) Жүрегім, ойбай, соқпай енді.
=D) Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ.
E) Уа, халқым, құлаш жаздың кең өріске.
255. “Ұ” дыбысы қай сөзде жазылатынын көрсетіңіз.
A) С...мке.
=B) ...стаған.
C) Жая...лап.
D) Т...сін.
E) Т...скен.
256. Ашық дауысты дыбысты табыңыз.
=A) А, Ә.
B) Ы, І.
C) Ұ, У.
D) Ү, Й.
E) Ы, У.
257. Ашық дауыстылардан құралған сөзді көрсетіңіз.
A) Бейсенәлі.
=B) Әлдеқашан.
C) Кінәрат.
D) Ойыншық.
E) Күйзеліс.
258. “Н” дауыссыз дыбысы қай топқа жататынын белгілеңіз.
A) Қатаң дауыссыз дыбыс.
B) Ұяң дауыссыз дыбыс.
C) Жуан сөзде ғана жазылатын дауыссыз дыбыс.
=D) Үнді дауыссыз дыбыс.
E) Жіңішке сөзде ғана жазылатын дауыссыз дыбыс.
259. Қай сөзде “П” дыбысы жазылатынын көрсетіңіз.
A) Та...у.
B) Ке...у.
=C) Қағы...-соғу.
D) До...ы.
E) Тара...ы.
260. “Ң” дауыссыз дыбысының қандай екенін анықтаңыз.
A) Қатаң дауыссыз дыбыс.
B) Ұяң дауыссыз дыбыс.
=C) Үнді дауыссыз дыбыс.
D) Жуан дауыссыз дыбыс.
E) Жіңішке сөзге ғана жазылатын дауыссыз.
261. Төрт буыннан тұратын сөзді көрсетіңіз.
A) Төзімді.
B) Саңырауқұлақ.
=C) Шаруашылық.
D) Жақсылық.
E) Орта.
262. Буынға бөлінетін сөздерді анықтаңыз.
=A) Дала, бала.
B) Қала, нан.
C) Сарт-сұрт.
D) Қаңқ, қора.
E) Қақ, тарт.
263. Буын құрай алатын дыбыстарды белгілеңіз.
=A) Дауысты дыбыстар.
B) Үнді дауыссыз дыбыстар.
C) Дауыссыз дыбыстар.
D) Қатаң дауыссыз дыбыстар.
E) Ұяң дауыссыз дыбыстар.
264. Дұрыс тасымалданған сөзді табыңыз..
A) Қал-алық.
B) Тәу-елді.
C) А.С.-Пушкин.
=D) Арық-тау.
E) Таран-ыс.
265. Көп нүктенің қойылатын жерін көрсетіңіз.
A) Бірыңғай мүшелер арасына.
B) Бастауыш пен баяндауыш арасына.
=C) Оқиға толық аяқталмай тоқталса.
D) Қысқартылған сөзден кейін.
E) Ой санамалап айтылса.
266. Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз.
A) Жәйау.
B) Жайау.
=C) Жаяу.
D) Жайяу.
E) Жәйәу.
267. Ресми стильге жататын қатарды белгілеңіз.
A) Көркем шығарма.
B) Ғылыми шығарма.
=C) Өтініш, сенімхат.
D) Газет-журнал тілі.
E) Қоғамдық-саяси әдебиет.
268. Іс-қағаздар стилін көрсетіңіз.
A) Радио, теледидар арқылы шолу, сұхбат.
B) Суреттеу, ауыспалы мағыналы сөздер.
C) Қарапайым сөздер, кәсіби сөздер.
=D) Құжаттар, бұйрықтар, анықтамалар.
E) Ғылыми мақалалар, лекциялар.
269. Көп мағынаға ие болатын сөзді табыңыз.
Өзі бір жүзіктің көзінен өткендей пысық жігіт екен.
A) Жүзіктің.
=B) Көзінен.
C) Өткендей.
D) Пысық.
E) Жігіт.
270. Біріккен сөз қатысқан қатарды табыңыз.
A) Аяғымен кезек тебу.
B) Беті ашық шелек.
=C) Еламан түршігіп кетті.
D) Қуаныш ұзағынан болсын.
E) Төргі бөлмеде.
271. Құрамында «бет» сөзінің синонимі бар мақал-мәтелді табыңыз.
=A) Еңбек - өмір ажары.
B) Жақсы ұл – елдің туы.
C) Айна - айна емес, халық- айна.
D) Көпке күл шашпа.
E) Мал сақтама, ар сақта.
272. Тұрақты тіркесті анықтаңыз.
A) Халық мұнша жиылады деген есте жоқ.
=B) Ойын басталмай-ақ жұрт қымызға бас қойып жатыр.
C) Хорымыз жамырап жақсы шықпады.
D) Сауыққа өз әлімізше жақсы даярланғанбыз.
E) Әмірқан шығысымен шапалақ шартылдады.
273. Қайталама қос сөзді табыңыз.
A) Жып-жылы, әке-шеше.
=B) Өз-өзінен, жүзбе-жүз.
C) Үгіт-насихат, жап-жаңа.
D) Бақытты-бақытсыз, некен-саяқ.
E) Мәдени-ағарту, ат-мат.
274. Қосарлама қос сөзді көрсетіңіз.
A) Көкпеңбек, қолма-қол.
=B) Шегара, құрбы-құрдас.
C) Қысы-жазы, оқта-текте.
D) Қып-қызыл, түйе-мүйе.
E) Көзбе-көз, жалт-жұлт.
275. Мақалды табыңыз.
A) Бұл жолы Әмірқан басқа әнге салды.
B) Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
C) Өңім екенін, түсім екенін білмедім.
D) Ғылым таппай мақтанба.
=E) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.