Банк тестов по Казахскому языку

Тест №13 по Казахскому языку

Тест №13 по Казахскому языку

от Kris Kim -
Количество ответов: 0

1. “Терең”сөзінің ауыспалы мағынасын табыңыз.
=A) Терең білім.
B) Терең су.
C) Терең өзен.
D) Терең көл.
E) Терең құдық.
2. Езулік дауыстылар қатарын толықтырыңыз:А, ә, е, э, ы, і, ...
A) Ө.
B) Ү.
C) О.
D) У.
=E) И.
3. Соңы үнді дауыссызға аяқталатын сөзді көрсетіңіз.
A) Міндет.
B) Қозы.
=C) Ағаң.
D) Көрпеш.
E) Кенесары.
4. Сөздің ең алғашқы мағыналық бөлшегін қалай атайтынын көрсетіңіз.
A) Күрделі сөз.
B) Қосарлама сөз.
C) Біріккен сөз.
D) Туынды сөз.
=E) Түбір сөз.
5. Күрделі зат есімді табыңыз.
A) Жұмысшы.
B) Оқулық.
C) Асхана.
=D) Өнеркәсіп.
E) Басшы.
6. Сан есімге қандай тыныс белгісі керек, анықтаңыз.
Қапты 2 ден көтеріңдер.
A) Үтір.
=B) Дефис.
C) Қос нүкте.
D) Нүкте.
E) Тире.
7. Заттың өзін де, белгісін де, санын да білдірмейтін, есім сөздер орнына жұмсалатын сөз табын көрсетіңіз.
A) Етістік.
B) Сын есім.
C) Зат есім.
=D) Есімдік.
E) Сан есім.
8. Бұйрық райлы етістікті табыңыз.
A) Барған.
B) Барды.
=C) Бар.
D) Бармақ.
E) Барар.
9. Сөйлемде неше еліктеу сөз барын белгілеңіз.
Қарға қарқ етті, ірімшік жерге салп етті.
A) 3.
=B) 2.
C) 4.
D) 1.
E) 5.
10. Омоним бола алмайтын сөзді белгілеңіз.
A) Терезе.
B) Өлең.
C) Табыс.
D) Отау.
=E) Орыс.
11. Сөз арасындағы кейінді ықпалды табыңыз.
A) Жүз сом.
B) Салт-сана.
=C) Қара торы.
D) Қол орақ.
E) Тоғай іші.
12. Салыстырмалы шырайды табыңыз.
=A) Сарғылт.
B) Аса көп.
C) Сап-сары.
D) Өте сары.
E) Сары.
13. Себеп-салдар үстеулі тіркесті көрсетіңіз.
A) Тез келді.
=B) Амалсыздан көнді.
C) Дереу жетті.
D) Етпетінен жығылды.
E) Жорта сөйледі.

14. Септеулік шылауды көрсетіңіз.
A) Шынар-ай, ойымды дөп бастың, сәулем.
B) Егер жолым болып кетсе, бәріңе жақсылық болады.
=C) Жұмыстан бұрын сенімен кездесу қиын боп кетті.
D) Я ұл, я қыз болсын, ұрпақ болса болғаны.
E) Көкірегі ашуға толып тұр, бірақ оны сыртқа шығармады.
15. Жанаса байланысқан пысықтауыштық қатынасты табыңыз.
A) Мәдимен кездесу.
B) Мейірімді бала.
C) Ақсақ құлан.
=D) Үздік оқу.
E) Жолдассыз адам.
16. Тура толықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.
A) Тек жүрсең, тоқ жүресің.
B) Өтірікші өзін алдайды.
C) Оқусыз білім жоқ.
=D) Әдеттің жөні-әдет.
E) Қар жауды.
17. Аралас құрмалас сөйлемнің арасына үтір мен сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.
Егер мұғалім болғымыз келсе, жалдайтын ауыл да табылды, менің жалданғым да келді, - оған Баймағамбет болмады.
A) Бірыңғай мүшеге.
B) Қарама-қарсылық мәні болғандықтан.
C) Күрделі сөз тіркестерінің арасына.
D) Қалған сөйлемге басыңқы сыңар ұйытқы болғандықтан.
=E) Себеп мәнді мағыналы болғандықтан.
18. «Біріншіден, екіншіден» деген қыстырма сөздердің мағынасын анықтаңыз.
A) Көңіл-күй.
B) Өкіну.
=C) Ой тәртібі.
D) Сендіру.
E) Мақұлдау.
19. Сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.
Абай операсы - қазақ музыкасын биік белге шығарған ірі туынды.
A) Бастауыш - сан есім, баяндауыш - етістік.
B) Қосарлы айқындауыш.
C) Бастауыш - есім, баяндауыш - есім.
D) Бастауыш сын есім, баяндауыш зат есім.
=E) Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есім.
20. Грамматикалық тұлғаларында өзгерісі бар диалект сөзді табыңыз.
A) Маңдай.
B) Аласа.
C) Көз.
=D) Пысқан.
E) Қырағы.
21. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді табыңыз.
A) Қырықаяқ.
B) Саңырауқұлақ.
C) Ақкенже.
=D) Түрегел.
E) Ілімхан.
22. Еркін сөз тіркесін табыңыз.
A) Қоян жүрек.
B) Су жүрек.
=C) Қалта сағат.
D) Жүгіріп бара жатыр.
E) Төбе шашы тік тұру.
23. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
A) Ердостың атқа мінгісі келді.
B) Абай шығармаларынан үзінді келтірді.
=C) Асанмен бес жыл бірге оқыдым.
D) Қызықты кітап.
E) Мөлдір бұлақ.
24. Төлеу сөзді көрсетіңіз.
A) – Айналайын, келінжан, өркенің өссін!
B) Той да өтті, Ыбыштың есін алған көкпар да өтті.
C) Артына қарап өкініш көрсе, алдына қарап үміт көреді.
D) Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ.
=E) Сәбит Мұқанұлы бір кітапты бітіріп, екіншісін бастағанда, демалатынын айтты.
25. Соңғы жылдары шешендік сөздерді жинап, зерттеп, танытуға үлес қосқан ғалымды табыңыз.
A) Ә.Кекілбаев.
B) М.Жұмабаев.
C) А.Байтұрсынов.
=D) Б.Адамбаев.
E) С.Сейфуллин.

пройти тест