Банк тестов по Казахскому языку

Тест №10 по Казахскому языку

Тест №10 по Казахскому языку

от Kris Kim -
Количество ответов: 0

226. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз
A) Мәселесі шешілді
B) Мен шебер бола алар ма екенмін?
C) Ауылға ақындар келді
=D) Осы жағдай сенің әр уақытта есіңде болсын
E) Алатаудың көркін айтсаңшы, шіркін!
227. Келер шақтағы етістікті табыңыз
A) Қанатты ұшады, аяқты жүгіреді
=B) Балаңыз оқудан ертең келеді
C) Құс ұшады, адам сөйлейді
D) Жас өседі, жарлы байиды
E) Ол бізге жиі келіп тұрды
228. Екеуі де менен сырын жасырмайды. Бастауыш қай сөз табынан ?
A) Есім
B) Жинақтау сан есім
C) Есімше
=D) Есімдік
E) Зат есім
229. Ол сыныпқа кіріп, хабарландыру айтты. Зат есім нешеу?
=A) 2
B) 3
C) 1
D) 4
E) 5
230. Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді не дейміз?
A) Толымды
B) Толымсыз
=C) Жалаң
D) Жай
E) Жайылма
231. «Алыс», «шалғай» сөздерінің мағынасы
A) Заттың мекені
B) Құбылыс бейнесі
C) Заттың саны
D) Істің амалы
=E) Істің мекені
232. Зат есімді тіркес
=A) Күміс білезік
B) Оқыған менмін
C) Он жеті мың
D) Сағын сындырды
E) Ол жазып отыр
233. Синоним сөздердің тізбегін табыңыз
A) Оң, теріс, дұрыс
=B) Ар, ұят, ождан
C) Қалқан, қапқан
D) Терезе, перде
E) Қал, қала, қалау
234. Антонимдік жұпты көрсетіңіз
A) Кемсіну-кемтар
=B) Бақытсыз-бақытты
C) Бүгін-биыл
D) Дамылсыз-тоқтаусыз
E) Саяси-көпшілік
235. Тек орыс тілінен енген сөздерде қолданылатын белгілер
A) А, ъ
=B) Ъ, ь
C) Ъ,е
D) Е,а
E) Ь,о
236. Күрделі сөз тіркесін табыңыз
A) Көз тігеді
B) Құрт
C) Нұрлы жаз
D) Пештегі отын
=E) Отын лаулап жанды
237. Мекен пысықтауышты табыңыз
A) Ол тектек сәби еді
B) Күлдіру үшін айтып отыр
=C) Тауға бара жатыр
D) Пысықтығынан тез орындады
E) Кешкілік қайтып келді
238. Күрделі нақ осы шақ табыңыз
A) Айта бер
=B) Айтып отыр
C) Айта ғой
D) Айтып қал
E) Айта сал

239. Синтаксис қай елдің сөзі?
A) Латын
B) Қазақ сөзі
=C) Грек сөзі
D) Араб сөзі
E) Орыс сөзі
240. Мақсат үстеуді тіркесті көрсетіңіз
A) Ұшқары ойлау
B) Түн бойы көз ілмеу
C) Мүлдем ұмыту
=D) Әдейілеп келу
E) Екіншігәрі келме
241. Қай сөздің жазылуында қате бар?
A) Мәжіліс
=B) Бөдөне
C) Сарыарқа
D) Өнерпаз
E) Кітап
242. Тұйық етістіктің жұрнағы жалғанғанда соңғы дыбысы өзгеріске ұшырайтын сөзді көрсетіңіз
A) Кел
B) Айт
C) Жүр
D) Бар
=E) Тап
243. Сөйлемдер ішінен жақсыз сөйлемді белгілеңіз.
A) Мен елдің жіберген емшісімін.
B) Ол еш уақытта қуанған емес.
=C) Кімнің кетіп жатқанын біліп болмайды.
D) Ораз отыр.
E) Бақыт кеше келді.
244. Бір буынды сөзді табыңыз
A) Сақтан
B) Жазғы
C) Бақталас
=D) Қант
E) Жүйрік
245. Септік жалғауы жалғанған сөздерді көрсетіңіз
A) Кітап
B) Ақылды
C) Күз
D) Көрікті
=E) Қағазды
246. Етістікті тіркесті табыңыз. Жақсының ашуы шай орамал кепкенше, жаманның ашуы басы жерге жеткенше.
A) Жақсының
=B) Басы жеткенше
C) Жаманның ашуы
D) Жаманның басы
E) Шай орамал
247. Бір сыңары болжалдық сан есімнен болған сөз тіркесін табыңыз
A) Қартайған сайын түсінбек
=B) Отыздан астам кітабыңыз бар екен
C) Шамдарды сөндірдік
D) Сазгерлік өнер
E) Бала өсіп келеді
248. Сөз тіркесі болу үшін керекті объектіні белгілеңіз
A) Сөйлем
=B) Сөз
C) Дыбыс
D) Буын
E) Сөйлем мүшесі
249. Тіркес түрін анықтаңыз. Су жүрек.
A) Есімді тіркес
B) Күрделі сөз
C) Етістікті тіркес
D) Мәтел
=E) Тұрақты тіркес
250. Асты сызылған сөз қай табына жатады? Кәрімнің досы өткен жазда Алматыға барыпты.
A) Одағай
=B) Үстеу
C) Сын есім
D) Зат есім
E) Етістік

пройти тест