Глоссарий
Список всех непонятных для Вас терминов вы можете найти здесь на сайте 100ballov.kz
Специальные | А | Б | В | Г | Д | Е | Ё | Ж | З | И | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Э | Ю | Я | Все
А |
---|
АБУ НАСР АЛЬ-ФАРАБИӘБУНАСР ӘЛ-ФАРАБИ (Мухаммед ибн Мухаммед ибн Узлаг Тархани) (870-950) -Аристотельден кейін дуние жүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанган данышпан, ойшыл, энциклопедист галым. Алгашқы білімді қыпшақ тілінде Отырарда алады. Багдадта араб тілін үйренеді. Самарра мен Харрандарда ірі галымдармен кездесіп, білімін уштайды. Түркі, парсы, араб тілдерінде сөйлей де, жаза да білген. Грек, латын, санскрит тілдерін игерген. Бүгінгі үрпаққа Әбу Наср Әл-Фарабидің 50 шақты еңбегі жеткен. «Алъмагеске түсініктеме», «Геометриялық сызықтар жасаудың эдістері», «Астрология», «Китаб әл-мусика әл-кабир» және тагы басқа еңбектері гылымның сеңгірін көрсететін аса ірі туындылар. Әбу Наср Әл-Фарабидің еңбектері гылымның барлық саласын қамтиды. Онын аясы кен. | ||
АБУЛХАИРӘБУЛҚАЙЫР (1693-1748) -қазақ султандарының кіші буыны. Алгашында Тәуке ханның ықпалында бояган. Күшімен, айласымен, шабуылды үйымдастыра білушілігімен даңқы шыгып, хандыққа қолы жеткен. Қазақ халқының жоңгарларга қарсы азаттық күресі өрлеген кезде, Ордабасы тауының бөктеріндегі халық жиналысында Әбілқайыр қазақ жасақтарының бастаушысы болып сайланады. Ресеймен татулық байланыста болуды көздеді. Ресей империясына арқа сүйеу арқылы вз ықпалын күшейтуді, қазақтың үш жүзін түгел багындырып, бір орталықтан басқарылатын билік орнатуды, сондай-ақ әкімет билігін балаларына сайлау жолымен емес, мүрагерлік жолымен қалдырып отыруга үміттенді. 1740 жылы Әбілқайыр қазақ жасақтарын бастап барып Хиуаны басып алады. Онда біраз уақыт хан болып түрады. | ||
АБЫЛАЙ ХАНАБЫЛАЙ ХАН (Әбілмансұр) (1711-1781) - ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен күштерін біріктіріп, жауға қарсы соғысқа шыққан. 1771 жылы Әбілмәмбет дүние салған соң, Абылай орта жүздің ханы болып сайланды. Абылай төк орта жүзгө ғана өмөс, ұлы жүз бен кіші жүзде де ықпалын жүргізді. Сыртқы саясатта қазақ елінің дербестігін сақтауда және оның қорғаныс қабілөтін нығайтуда, аса үлкон тарихи рөл атқарды. Кершілес елдермен экономикалық байланысты, сауда-саттықты күшейтті. Россия үкіметі, Қытай мемлекеті, Жоңғар, Бұхар, Хиуа хандары Абылай тұсында қазақ елімен қызу қарым-қатынас жасады. XVIII ғасырда қазақ жерін жаулап алмақ болған Жоңғар хандығы мен Манчжур-Қытай империясына қарсы күресте үш жүздің басын қосып, күшін біріктірді. XVIII ғасырдың орта шенінде жоңғарлар шет жағалап басып алған қазақ жерлерін толық азат ету үшін Абылай көптеген шешуші шаралар қолданды. Ол Орыс және Қытай мемлекеттері арасында дипломатиялық саясат жүргізді. Қытай мен жоңғар хандығы сияқты екі бірдей күшті жауға қарсы күресте Россияға арқа сүйеп, онымен одақтас болды. Осы тарихи маңызы зор шаралар қазақ халқының бұдан былайғы емірінде прогрессивтік рөл атқарды. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген.
| |
АЙТЕКЕ БИ БАЙБЕКУЛЫӘЙТЕКЕ БИ БАЙБЕКҰЛЫ (1644-1700), Кіші жүздің бас биі, Тәуке ханның басшылығымен, Төле, Қазыбек басқа да билермен бірге қазақ тайпа-руларының басын қүрап, бір орталыққа бағынған бірегей хандық қүруға үндеді, қазақ қауымының қарым-қатынасын реттейтін «Жеті жарғы» атты әдет-ғүрып заңдарының жинағын жасауға қатысты. Туысқан, қарақалпақ, қырғыз елдерімен достық одақ жасауға, көршілес мемлекеттермен елші алысып, мәмле орнатуға ат салысты. Кіші жүз шаруаларының жоңғар-қалмақ басқыншыларына қарсы күресін бастаушылардың бірі болды. Өзбекстан еліндегі Нүрата ауданының Сейтқүл қорымында жерленген. | |
АСАН КАЙГЫАСАН ҚАЙҒЫ (XIV ғ. соңғы ширегі - XV ғ. 60 - жылдары), жыраулық дәстүрдің алғашқы өкілдерінің бірі, ақын, философ. Алтын Орда ханының қарашасы, 1456 жылы Жетісудың батысында Қазақ хандығын қүрған Керей мен Жәнібек сұлтандардың кеңесшісі болған. Асан қайғы қазақ руы мен тайпаларының бірігуін жақтаған. Ол тарихи тулға болғанымен, халық санасында аңыз-әңгіме, миф кейіпкері ретінде де қалыптасқан. Асан қайғы жырау журтқа қажетті шурайлы қоныс, жақсы мекен-жай «Жерүйықты» іздеуші ретінде бейнеленіп, өлеңдерінде халық үміті мен арманын жүзеге асыратын қамқоршы ретінде суреттеледі. Оның толғаулары қанатты және нақыл сөздерге бай. Шығармалары философиялық-дидактикалық сипатта болып, терме, шешендік, афоризмдер түрғысында болып келеді. Асан қайғы шығармаларын жинаумен Ш.Ш.Уәлиханов, Г.Н.Потанин, М.Ж.Көпеев сияқты шығыстанушы ғалымдар айналысқан. | ||
Ахмед ЯссауиАХМЕД ЯССАУИ (т. ж. белгісіз —1166) — он екінші гасырда өмір сүрген ақын. Қазақ хаяқының көне мәдениеті тарихында айрықша орны бар. Яссы шаһарында турган. Кейін Яссауи атанады. Ахмед Яссауи Бухар қапасында діни білім алганнан кейін Туркістанга келіп, сол кезде Орта Азияда кең тараган софылық діни-мистикалық идеялардың насихатшысына айналады. Сулеймең Бақыргани, Софы Аллаяр, Ахсани және тагы басқалар оның жолын қуып, софизмнің жаршысы болган. Ахмед Яссауидің бугінгі урпаққа жеткен шыгармасы «Диуани Хикмет » («Даналық жайындагы кітап»). Онан қазақ халқының ежелгі модениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты багалы фактілер табуга болады. Ахмед Яссауи туралы ел аузында коптеген унамды аңыз-әңгімелер бар. | ||
АҚЫШЕВ КЕМЕЛАҚЫШЕВ КЕМЕЛ (23.5.1924, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, 4-ауыл) - археолог, тарих ғылымдарының докторы, қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының (1982), ҚР ҒА-ның Ш.Уәлиханов атындағы арнаулы сыйлықты (1966) лауреаты. Герман Археологиялық институтының корреспондент-мүшесі (1983). Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер (1989). Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң (1950), Қазақстан ҒА-нда әуелі аспирант, кіші және аға ғылыми қызметкер, кейін 1955-90 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты археология бөлімінің меңгерушісі, 1991 жылдан бастап Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бөлім меңгерушісі, институттың бас ғылыми қызметкері болып қызмет атқарып келеді. 1954 жылдан бастап Қазақстан көлеміндегі Солтустік, Оңтүстік және Жетісу археологиялық экспедицияларының үйымдастырушысы және жетекшісі. Көне және орта ғасырлардағы Қазақстан ескерткіштерің әлемдік маңызы зор Есік обасынан табылған «Аптын адам» (б.з.б. \/-І\/ ғасырлар), Бесшатыр (б.з.б. \/І-\/ ғасырлар), Отырар жәдігерлерін ашып зерттеді. Қола, ерте темір дәуірлерінің мәдениеттерін кезеңдеу және мерзімдей мәселелерін анықтады. Көне Қазақстан тарихының негізгі түжырымдарын жасауға белсене қатысты. Орталық Азия өркениеті жүйесінде ежелгі Қазақстанның орнын айқындауға елеулі үлес қосты. 220-ға жуық ғылыми еңбек, соның ішінде 14 монография жазған. «Парасат» орденімен марапатталған (1998) | |
Д |
---|
ДОСМУХАМЕДОВ ХАЛЕЛДОСМҮХАМЕДОВ ХАЛЕЛ (1883-1939), дәрігер, ғалым, фольклорист, журналист, педагог, қоғам қайраткері, профессор (1929), Ресей ҒА өлкетану бюросының корреспондент-мүшесі (1924). 1920 жылдан бастап мәдени-ағартушылық жұмысқа қызу араласады. 1920-25 ж. Ташкент халық ағарту институтында оқытушы, Орта Азия университетінің медицина факультетінде ординатор, Туркістан республикалық ғылыми комиссиясының терағасы, ҚазАССР Баспа ісі және ғылыми мекемелер мемлекеттік комитетінің терағасы. 1926-30 ж. Қазақ жоғары педагогикалық институтында ректордың көмекшісі, Қазақ мемлекеттік университетінде (қазіргі КазПИ) проректор қызметін атқарды. Негізгі еңбектері ғылыми терминология жасау мәселесіне арналғак Бұл орайда қазақ тілінде «Табиғат тану», «Жануарлар» (екеуі де - 1925), «Зоология» (1926) атты алғашқы оқулықтарың сондай-ақ обаға қарсы күрес комиссиясын басқара жүріп, «Как бороться с чумой среди киргизского населения» деген еңбектерін (1918-1924) жазды. Фонетика заңдылықтарын сез еткен «Қазақ тіліндегі сингармонизм заңы» (1924), фольклорлық деректерді этнографиялық және тарихи мәліметтермен салыстыра қарастырған «Шернияз шешен» (1925), «Бұхарадағы Көкілташ медресесін салу туралы аңыз» (1927), «Самарқандағы Теллі қары Шилдар медресесін салушы Жалаңтөс батырдың шежіресі» (1928) мақалалары, фольклордың теориялық мәселелерін баяндаған «Қазақ халық ауыз әдебиеті» очеркі (1928) атты еңбектері жарық көрді. Ауыз әдебиеті үлгілері негізінде «Мұрат ақын сөздері» (1924), «Исатай-Махамбет» (1925), «Апаман» (1926) атты жинақтар шығарды. Жер аударылған соң, 1930-38 ж. Воронеж қаласында тұрды, сонда 1939 ж. репрессияға ұшырап, 1958 ж. ақталды. | ||
ДӨНЕНТАЕВ СӘБИТДӨНЕНТАЕВ СӘБИТ (1894, Павлодар облысы, Ақсу ауданы, 4-ауыл - 1933, Семей қаласы) - ақын, журналист. Жас кезінде ауылда ескіше хат танып, кейін Павлодарда медреседе оқиды. Өзі мұғалім жалдап, орысша сауатын ашады. Сол кезде Абай Құнанбаев пен Ғабдолла Тоқайдың өлеңдерімен танысады. 1913 жылы тұңғыш өлеңі («Қиялым») «Айқап» журналында басылып, 1915 жылы алғашқы өлеңдер жинағы «Уақ-түйек» деген атпен шығады. Бұл кездегі өлеңдерінде қазақ халқын мәдениетке, өнер-білімге ұмтылуға шақырды. 1919-1920 жылдары ауылдағы ағарту, сот жұмыстарына араласады. 1924-33 жылдары Семейде шығатын «Қазақ тілі» газетінде қызмет істеді. 1929 жылы Қазақ пролетар жазушыларының ассоциациясына мүшелікке өтеді. Осы кездегі жазылған өлеңдерінде бостандыққа қолы жеткен қазақ халқының ой-сезімі, жаңа тұрмысы, жаңа сананың қалыптасуы, жастардың қажырлы еңбегі мен жігерлі талап-тілегі жырланады. Ақын қаламынан көптеген публицистикалық шығармалар, әңгіме, очерктер туды. «Көркемтай» деген әңгімесінде (1924) жетім баланың көрген қорлығы, аянышты өмірі суреттеледі. Ол И.А.Крыловтың, Г.Тукайдың және шығыс кпассиктерінің бірсыпыра өлеңдерін қазақ тіліне аударған. | ||