АҚЫШЕВ КЕМЕЛ

АҚЫШЕВ КЕМЕЛ

АҚЫШЕВ КЕМЕЛ (23.5.1924, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, 4-ауыл) - археолог, тарих ғылымдарының докторы, қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының (1982), ҚР ҒА-ның Ш.Уәлиханов атындағы арнаулы сыйлықты (1966) лауреаты. Герман Археологиялық институтының корреспондент-мүшесі (1983). Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер (1989). Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң (1950), Қазақстан ҒА-нда әуелі аспирант, кіші және аға ғылыми қызметкер, кейін 1955-90 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты археология бөлімінің меңгерушісі, 1991 жылдан бастап Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бөлім меңгерушісі, институттың бас ғылыми қызметкері болып қызмет атқарып келеді. 1954 жылдан бастап Қазақстан көлеміндегі Солтустік, Оңтүстік және Жетісу археологиялық экспедицияларының үйымдастырушысы және жетекшісі. Көне және орта ғасырлардағы Қазақстан ескерткіштерің әлемдік маңызы зор Есік обасынан табылған «Аптын адам» (б.з.б. \/-І\/ ғасырлар), Бесшатыр (б.з.б. \/І-\/ ғасырлар), Отырар жәдігерлерін ашып зерттеді. Қола, ерте темір дәуірлерінің мәдениеттерін кезеңдеу және мерзімдей мәселелерін анықтады. Көне Қазақстан тарихының негізгі түжырымдарын жасауға белсене қатысты. Орталық Азия өркениеті жүйесінде ежелгі Қазақстанның орнын айқындауға елеулі үлес қосты. 220-ға жуық ғылыми еңбек, соның ішінде 14 монография жазған. «Парасат» орденімен марапатталған (1998)

» Глоссарий