Банк тестов по Казахскому языку

Тест №26 по Казахскому языку

Тест №26 по Казахскому языку

от Kris Kim -
Количество ответов: 0

Баяндауыштары тұлғалас, мағыналас болатын салаластың түрін көрсетіңіз.
=A) Ыңғайлас.
B) Себеп-салдар.
C) Түсіндірмелі.
D) Қарсылықты.
E) Кезектес.
Тек жалғаулықты болатын салаластың түрін белгілеңіз.
A) Ыңғайлас.
B) Себеп-салдар.
C) Түсіндірмелі.
=D) Кезектес.
E) Қарсылықты.
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Бұл жердің дәнін мен сепкендіктен, өзгеңнен гөрі менің жаным қатты ауырды.
=B) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз.
C) Олар қыстаудан шықпайды, өйткені төлді қорада ұстау керек.
D) Мал өріске қарай шұбатыла жөнелді.
E) Асқар бұл сұраққа жауап таба алмай, ұзақ үнсіз отырды.
Жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз байланысатын салалас түрін атаңыз.
A) Түсіндірмелі.
B) Себеп-салдар.
=C) Ыңғайлас.
D) Қарсылықты.
E) Кезектес.
Бірінші жай сөйлемде сілтеу мәнді сөздер қолданылатын салалас түрін көрсетіңіз.
A) Себеп-салдар.
B) Кезектес.
C) Қарсылықты.
=D) Түсіндірмелі.
E) Ыңғайлас.
Қарсылық салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады.
B) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз.
C) Олар қыстаудан шықпайды, өйткені төлді қорада ұстау керек.
D) Мал өріске қарай шұбатыла жөнелді.
=E) Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ.
Құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Ол асып та, тасып та сөйлейді.
B) Қарағым, бермен екл.
C) Ақылды қарттан нақыл шығады!
=D) Сен, сірә, жексенбі күні келерсің, не дүйсенбі күні келерсің.
E) Ерлік көрсеткен ер болар.
Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрге бөлінетінін көрсетіңіз.
A) 2.
B) 3.
C) 4.
D) 5.
=E) 6.
Ешқашан қайталанбай бір-ақ рет келетін жалғаулықты көрсетіңіз.
A) Да.
B) Та.
C) Де.
D) Те.
=E) Және.
Салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан құрмалас сөйлемді анықтаңыз.
A) Қостанайдан шыққалы он күн: біз түнде де жүріп келеміз.
=B) Күріш тұқымы суға қолмен себіледі, өйткені тұқым сепкен суға жүре алмайды.
C) Өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді: бұл егін дәнін қолымнан мен септім ғой.
D) Қазір ол сақалың да қырған, киімін де өзгерткен, сондықтан кескін-кейпі де өзгерген.
E) Қайыр сөзді әрі қарай тереңдеткісі келмеді, сондықтан әңгіме желісін бұрып жіберді.
Себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
=A) Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз.
B) Амалсыз қонуға тура келді, өйткені мезгіл кешкіріп кетті.
C) Мен қорқып тұрмын, неге десеңіз қолың қатты дейді.
D) Тереңге балық уылдырық шаша алмайды, неге десең, онда уылдырық оралатын не балдыр, не шөп жоқ.
E) Кей металдар табиғатта өте аз және таза түрінде кездесуі сирек.
Жалғаулықсыз қарсылықты салаласты көрсетіңіз.
A) Құдайдың қарарынан жалбарынып құтылуға болады, бірақ халықтың қарғысынан ешқашан да құтылуға болмайды.
B) Апай сені елжіретіп сүймейді де, алайда шыж-быж етіп ұрыспайды да.
C) Дүниенің төрт бұрышын тегіс кезіп шығады, бірақ қайда барса да жолы болмайды.
=D) Баршагүл сәлем беріп еді, - ол қырын қарап кетті.
E) Сөз бергенге ерме, бірақ бөз бергенге ер.
Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемді белгілеңіз.
A) Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайтын еді.
B) Абай үйге кіргенде, Әбіш бар қағазды оқып шыққан еді.
=C) Ол заманда ұл балаға бас кеспесе, қан төкпесе, ат қойылмайтын еді.
D) Бұл күнде Құнанбай өлсе де, құнанбайлық құрымапты.
E) Мен де алға қарайтынмын, бірақ көзіме ештеңе көрінбейтін.

Қаратпа сөзді сөйлемді белгілеңіз.
A) Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастайды.
B) Керуен басы – Жәнібек!
=C) Ойла, шырағым, еліңнің жайын.
D) Теңіз толқыны күшейді.
E) Жауынды күз.
Қаратпа сөзді табыңыз.
A) Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастайды.
B) Керуен басы – Жәнібек!
C) Оған қарағым келмейді.
D) Теңіз толқыны күшейді.
=E) Айналайын, шырағым, сенбісің?
Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
=A) Адам емес екенсің ғой, Айдар!
B) Керуен басы – Жәнібек!
C) Үшінші, орысты айттыңыз.
D) Теңіз толқыны күшейді.
E) Жауынды күз.
Қаратпа сөзді белгілеңіз.
A) Пай-пай, киелі неткен жер!
=B) Балаларым, сөзімді тыңда.
C) Қырға құстар келді.
D) Әнеки, ілулі тұр ақ семсері.
E) Қасыңдамын, міне, тұрмын.
Қаратпа сөзді көрсетіңіз.
A) Мүмкін сәл кідіре тұрарсыз.
B) Немене риза емеспісің?
C) Амал қанша осылай болды.
D) Сөйтіп ол Домалақ ана атанды.
=E) Алма, кітаптарыңды әкел.
Қаратпа сөзді белгілеңіз.
=A) Әукім-әукім, торпағым.
B) Тек не бұйырсаң да, тезінен бұйырғайсың!
C) Байқаймын, ауыл әлі алыста.
D) Рас, сізді күтіп отыр едім.
E) Ұмытпа, бүгін бар.
Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
A) Сенің ойынша, дұрыс па?
B) Бәсе, бұл соның ісі!
=C) Ой, бауырым, дос екенсің!
D) Әуелі, адамды түсінейік.
E) Мақұл, айтқаның болсын.
Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.
=A) Құр, жануар, құр.
B) О не дегенің?
C) Өлтіре алмас, алайда, өлеңді ешкім.
D) Қош болыңдар, амандықпен кездесейік.
E) Жоқ, дұрыс емес.
Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
A) Дәурен кетті.
B) Бір топ адам егінге беттеді.
C) Қысқасы, оқиға бітті.
D) Еңбек адам баласын даңққа бөлейді.
=E) Жатпалық, жастар, жатпалық.
Қаратпа сөзді көрсетіңіз.
A) Мақұл, айтқанын болсын.
B) О, шіркін, шіркін.
C) Сәлем саған, туған ел.
=D) Иә, әңгіме айта отыр.
E) Жақсы, сынап берейін.
Қаратпа сөзді табыңыз.
=A) Құр, жануар, құр-құр.
B) О, не дегенің?
C) Өлтіре алмас, алайда, өлеңді ешкім.
D) Қош болыңдар, амандықпен кездесейік.
E) Жо-жоқ, дұрыс емес.
Қыстырма сөзді көрсетіңіз.
A) Бірақ.
=B) Менің байқауымша.
C) О, жасаған.
D) Пай-пай.
E) Уа, шіркін.

пройти тест