Банк тестов по Казахскому языку

Тест №25 по Казахскому языку

Тест №25 по Казахскому языку

от Kris Kim -
Количество ответов: 0

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны белгілеңіз.
=A) Еңбек - өмір рахаты.
B) Олар бір-бірлеп келе бастады.
C) Үйде екі-ақ адам отыр.
D) Телефон-автомат бұзылып қалыпты.
E) Ол мәселені шешіп кетті.
Анықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
A) Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез.
B) Іздеген жетер мұратқа.
=C) Тау жақтан баяу жел еседі.
D) Әбіштен келген екен.
E) Жауын сіркіреп тұр екен.
Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
A) Сәуле кеше келді.
B) Алатау - әсемдіктің символы.
=C) Ол шешесіне хат жазды.
D) Сымбат – үлгілі қыз.
E) Баласы тиянақты екен.
Пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді анықтаңыз.
=A) Асқар тауды кеуделеп жүріп келеміз.
B) Жас мұраты – білім.
C) Ауыл ақсақалы жастарға алғыс айтты.
D) Омар жолдасымен кездесті.
E) Тақырыбы дұрыс емес.
Оңашаланған айқындауышы бар сөйлемді табыңыз.
=A) Отарбай, жас мұғалім, сабақты жақсы өткізді.
B) Оспан – Амангелді батырдың жолдасы.
C) Бұл жорыққа Барақ батыр қатысады.
D) Қаз дауысты Қазыбек би – орта жүздің биі.
E) Абылай хан – үш жүзді біріктірген хан.
Оңашаланған айқындауышы бар сөйлемді белгілеңіз.
=A) Уақыт біз үшін, еңбек адамдары үшін, істейді.
B) Айқындық – сөздің басты артықшылығы.
C) Бұл жорыққа Барақ батыр қатысады.
D) Қаз дауысты Қазыбек би – орта жүздің биі.
E) Абайдың терең мәнді бейнелі сөздері ел ішінде мақал болып кеткен.
Бірыңғай мүшелі сөйлемді белгілеңіз.
A) Мен сендерге көргенімді айтамын.
=B) Жел соқпай, құс шуламай – бәрі жым-жырт.
C) Тыңда, дала, Жамбылды.
D) Дүниеде, сірә, сендей жар жоқ маған.
E) Дариға, домбырамды берші маған.
Жақсыз сөйлемді табыңыз.
A) Ауылдың малы өсті.
B) Асан ұйықтап қалды.
=C) Досанның тауға барғысы келді.
D) Бұл - үлкен сыйлық.
E) Ермек өте жақсы оқиды.
Сөйлемдер ішінен жақсыз сөйлемді табыңыз.
A) Мен оны тыңдадым.
B) Сен оны ұнатпайсың.
=C) Менің тыңдағым келеді.
D) Көп оқисың.
E) Емтиханға барамын.
Жақсыз сөйлемді табыңыз.
=A) Менің оқуға түсуім керек
B) Ұлжан ойлана қарап отыр.
C) Асан әдемі.
D) Олар келді.
E) Айнаш күлді.
Сөйлемдер ішінен жақсыз сөйлемді белгілеңіз.
A) Мен елдің жіберген емшісімін.
B) Ол еш уақытта қуанған емес.
=C) Кімнің кетіп жатқанын біліп болмайды.
D) Ораз отыр.
E) Бақыт кеше келді.
Жақсыз сөйлемді анықтаңыз.
A) Сәуле кешікті.
B) Алтын асылдығымен қымбат.
C) Алматы көркеюде.
=D) Ұялмас бетке талмас жақ беру керек.
E) Көп тыңда, аз сөйле.

Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдарына ықпал ететін жұрнақтар.
=А) –қы, -кі, -ғы, -гі.
В) –а, -е, -й.
С) –атын, -етін.
D) –лы, -лі.
Е) –да, -де
Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін белгілеңіз.
=А) Жақсыз сөйлем.
В) Құрмалас сөйлем.
С) Жай сөйлем.
D) Толымды сөйлем.
Е) Жақты сөйлем.
Жақты сөйлемді көрсетіңіз.
А) Енді сізге айтуға тура келді.
В) Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
=С) Ол дос жүрегіне сенеді.
D) Нені айтып отырғанын түсініп болмайды.
Е) Менің айтқаным келді.
Жақты сөйлемді көрсетіңіз.
A) Оның Абайды білгісі келді.
B) Енді сізге айтуға тура келді.
C) Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
=D) Ол дос жүрегіне сенеді.
E) Нені айтып отырғанын түсініп болмайды.
Жақсыз сөйлемнің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Бір ғана сөзден жасалса.
B) Іс, оқиғаны баяндамай, атап қана тұратын сөйлем.
C) Сөйлемнің оқшау келетін түрі.
=D) Баяндауыштың өзі сөйлемге негіз болатын түрі.
E) Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің қатысуы.
Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.
A) Талай сырды атқардық.
B) Мен елдің елшісімін.
=C) Рахмет күлді, қуанды.
D) Біздің замандасымыз қандай екен?
E) Қазақтың осынысы ұнайды.
Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.
A) Мен кетіп барамын.
B) Сендер қараңдар.
C) Үй жап-жарық.
=D) Ол өте көркем жігіт.
E) Айдала.
Атаулы сөйлемді анықтаңыз.
A) Сені тексергім келіп тұр.
B) Тәңірберген осы жолы үндемеді.
=C) Айсыз қараңғы түн.
D) Инабаттылықты қастерлейік.
E) Еңбек етсең, емерсің.
Толымды сөйлемнің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Бастауышы бар, баяндауышпен қиыса байланысқан сөйлем.
B) Бастауышы жоқ сөйлем.
=C) Ойға қатысты сөйлем мүшелері қатынасқан сөйлем.
D) Ойға қатысты сөздің толық берілмеген сөйлем түрі.
E) Тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.
Атаулы сөйлемді табыңыз.
=A) Бұрқыраған ақ қар.
B) Беті албыраған қыз келді.
C) Сулы жерде шөп өседі.
D) Көрмегеніңді көрдің.
E) Өркенің өссін.
Толымды сөйлемді анықтаңыз.
A) Күздің суық түні.
B) – Жоқ.
C) Келгеніне екі сағат өтті.
=D) – Сен түс көрдің бе, жаным?
E) – Иә.
Атаулы сөйлемді көрсетіңіз.
=A) Бала күнім.
B) Төле би кім болады?
C) Негметжан! – деді Балуан Шолақ.
D) Ақыры ай туды.
E) Ауа ылғал тарта бастаған сияқты.
Ыңғайлас салаластың ішіндегі қайталанбай келетін жалғаулықты атаңыз.
A) Да, де.
=B) Және.
C) Сондықтан.
D) Бірде.
E) Болмаса.

пройти тест