Опубликовано Kris Kim

Бірыңғай қатаң дауыссыз қатысқан сөзді көрсетіңіз.
A) Қорытынды.
=B) Тасаттық.
C) Қос бұрым.
D) Өркен.
E) Бағдарсыз.
Бірыңғай қатаң дауыссыз қатысқан сөзді анықтаңыз.
A) Өп-өтірік.
B) Қос тігу.
=C) Хош иісті.
D) Қолы ашық.
E) Өсек-аяң.
“Б” дыбысының қандай екенін анықтаңыз.
=A) Ұяң дауыссыз дыбыс.
B) Қатаң дауыссыз дыбыс.
C) Ашық дауысты дыбыс.
D) Қысаң дауысты дыбыс.
E) Еріндік дауысты дыбыс.
Бірыңғай ұяң дауыссыз қатысқан сөзді көрсетіңіз.
A) Ешбір.
B) Қап-қалың.
=C) Дағды.
D) Сыңғырлату.
E) Етікші.
Ұяң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
A) Г, Ғ, Й, З.
B) Д, З, Ж, Л.
=C) Б, Д, З, Ж.
D) Ж, Б, В, М.
E) Ғ, Һ, Н, Ң.
Буынға бөлінбейтін сөздер қатарын анықтаңыз.
A) ХБЖ, қала.
B) Бақыт, нан.
C) Сақ, қалам.
=D) БҰҰ, 50см.
E) Күн, қағаз.
Төрт буыннан тұратын сөзді көрсетіңіз.
A) Төзімді.
B) Саңырауқұлақ.
=C) Шаруашылық.
D) Жақсылық.
E) Орта.
Буынға бөлінетін сөздерді анықтаңыз.
=A) Дала, бала.
B) Қала, нан.
C) Сарт-сұрт.
D) Қаңқ, қора.
E) Қақ, тарт.
Жіңішке буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.
A) Мектеп, орта.
B) Кітап, дос.
=C) Есіл, Іле.
D) Астана, көрініс.
E) Мұғалім, мектеп.
Буын құрай алатын дыбыстарды белгілеңіз.
=A) Дауысты дыбыстар.
B) Үнді дауыссыз дыбыстар.
C) Дауыссыз дыбыстар.
D) Қатаң дауыссыз дыбыстар.
E) Ұяң дауыссыз дыбыстар.
Буынға қате бөлінген сөзді көрсетіңіз.
A) Жұ-мырт-қа.
B) Ки-е-лі.
=C) Құ-мыр-сқа.
D) Ба-ла-лық.
E) Қо-ңыр.
Ашық буынды сөзді көрсетіңіз.
=A) Аласа.
B) Ор.
C) Жол.
D) Күл.
E) Ер.

Ашық буынды табыңыз.
A) Ал.
=B) Қа.
C) Қас.
D) Ат.
E) Ет.
Ашық жуан буынды сөзді көрсетіңіз.
A) Ор, өз.
=B) Боса, баға.
C) Зор, көл.
D) Ық, ік.
E) Бел, тау.
Ашық жуан буынды белгілеңіз.
A) Аз, босат.
B) Ұқ, ұт.
=C) Аға, бала.
D) Бел, бол.
E) Бөл, нан.
Тұйық буынды табыңыз.
A) Бақ, зор.
=B) Ұқ, үн.
C) Аға, бала.
D) Бөс, жоқ.
E) Кел, бар.
Тұйық буынды анықтаңыз.
=A) Ас.
B) Жұрт.
C) Ұран.
D) Дала.
E) Қант.
Бірыңғай тұйық буынды сөзді көрсетіңіз.
A) Жадырату.
B) Жағымпаз.
C) Жым-жырт.
=D) Ат.
E) Ақылгөй.
Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз.
A) Театр-рлар.
B) Баяндау-ыш.
=C) Та-рақ.
D) Бір-ыңғай.
E) О-тан.
Дұрыс тасымалданған сөзді табыңыз..
A) Қал-алық.
B) Тәу-елді.
C) А.С.-Пушкин.
=D) Арық-тау.
E) Таран-ыс.
Дұрыс тасымалданған сөзді белгілеңіз.
A) О-юлы.
=B) Үміт-сіз.
C) 25-кг.
D) Кітаб-ымыз.
E) Қазақс-тан.
Буын үндестігінің ғылыми түрдегі атауын көрсетіңіз.
A) Дыбыс үндестігі.
B) Ілгерінді ықпал.
C) Кейінді ықпал.
=D) Сингармонизм.
E) Тоғыспалы ықпал.
Үндестік заңының нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.
A) 1.
=B) 2.
C) 3.
D) 4.
E) 5.
Буын үндестігі сақталып жазылған сөзді көрсетіңіз.
A) Балгер.
B) Әсемпаз.
C) Сәнқой.
=D) Өнерлі.
E) Әкетай.
Буын үндестігіне сай емес сөзді көрсетіңіз.
A) Жартас.
=B) Кітап.
C) Қоғамтану.
D) Ұлболсын.
E) Өнер.

пройти тест

Монғол тілінен енген сөздерді көрсетіңіз.
=A) Ұлыс, нөкер.
B) Сөмке, кәмпит.
C) Сіріңке, бәтеңке.
D) Сүгірет, бәдірен.
E) Кеуірт, әтешкір.
Диалект сөзді табыңыз.
=A) Тұқым, сым.
B) Космос, ғарыш.
C) Саяжай, кеден.
D) Лашық, күпі.
E) Сәукеле, шиден.
Қолөнерге байланысты кәсіби сөздерді табыңыз.
A) Егемен, әмбебап.
B) Кешен, нарық.
C) Нән, сүгірет.
=D) Пышқы, шербек.
E) Сиықты, маңлай.
Термин сөздердің анықтамасын белгілеңіз.
A) Белгілі кәсіппен шұғылданатын адамдар арасында айтылатын сөздер.
=B) Ғылым, техника саласындағы арнаулы ұғымдарды білдіретін сөздер.
C) Белгілі бір аймақ тұрғындарының сөздері.
D) Басқа тілден енген сөздер.
E) Қолданыстан шығып қалған сөздер.
Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздерді табыңыз.
=A) Қоза, шиіт.
B) Сүгірет, маңлай.
C) Хан, патша.
D) Сәукеле, кебеже.
E) Дүрия, патсайы.
Термин сөздерді көрсетіңіз.
=A) Эвфемизм, дисфемизм.
B) Диалект, садақ.
C) Сауыт, айбалта.
D) Адырна, найза.
E) Отарба, ұрын бару.
Термин сөздерді көрсетіңіз.
A) Жақсы, жаман.
=B) Бастауыш, аммиак.
C) Сәлемдесу, амандасу.
D) Тез, жылдам.
E) Ажар, көрік.
Әріптің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Үннен ғана тұратын дыбыстар.
B) Дыбыстық жақты зерттейтін.
=C) Дыбыстың жазудағы таңбасы.
D) Алиф пен би атауларының бірігуі.
E) Кедергісіз шығатын дыбыстар.
Әліпбидегі әріптердің түрін анықтаңыз.
A) Жазба, ашық түрі.
=B) Жазба, баспа түрі.
C) Ашық, тұйық түрі.
D) Баспа, ұяң түрі.
E) Қатаң, ұяң түрі.
“Ә” әрпінің емлесіне байланысты сөздің дұрысын көрсетіңіз.
A) Күман.
=B) Күмән.
C) Күмен.
D) Күмөн.
E) Құман.
Дауысты дыбыстарды белгілеңіз.
A) Б, Ж, С, Р.
B) Х, А, Ч, Е.
C) Ц, Щ, Ө, У.
=D) А, Ә, О, У.
E) Б, В, Г, Ғ.
“Ұ” дыбысы қай сөзде жазылатынын көрсетіңіз.
A) С...мке.
=B) ...стаған.
C) Жая...лап.
D) Т...сін.
E) Т...скен.
Жіңішке дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
A) Ы, І, Ә.
B) О, Ұ, Ү.
=C) Ө, Е, І.
D) Ұ, Ү, Ы.
E) А, Е, Ы.

Ашық дауысты дыбысты табыңыз.
=A) А, Ә.
B) Ы, І.
C) Ұ, У.
D) Ү, Й.
E) Ы, У.
Ашық дауыстылардан құралған сөзді көрсетіңіз.
A) Бейсенәлі.
=B) Әлдеқашан.
C) Кінәрат.
D) Ойыншық.
E) Күйзеліс.
Қысаң дауыстылары бар сөзді көрсетіңіз.
A) Әділет.
B) Жауырын.
=C) Ғылыми.
D) Төсек.
E) Іңкәр.
Қысаң дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
A) Ү, У, Е.
B) А, Ә, И.
C) Э, Е, Ү.
=D) Ы, Ұ, И.
E) Ә, Ү, Ы.
Езулік дауысты дыбыстардан жасалған сөзді табыңыз.
A) Мұқан, Ербол.
=B) Әдебиет, теңіз.
C) Орден, нөсер.
D) Ине, бөдене.
E) Адам, өнім.
Бірыңғай еріндік дауысты дыбыстан тұратын сөзді анықтаңыз.
A) Үгіт, ұйыту.
B) Ұзақ, үркек.
=C) Ұлу, үйту.
D) Үзеңгі, ұқсау.
E) Ұшқын, үтір.
“Н” дауыссыз дыбысы қай топқа жататынын белгілеңіз.
A) Қатаң дауыссыз дыбыс.
B) Ұяң дауыссыз дыбыс.
C) Жуан сөзде ғана жазылатын дауыссыз дыбыс.
=D) Үнді дауыссыз дыбыс.
E) Жіңішке сөзде ғана жазылатын дауыссыз дыбыс.
Бірыңғай ұяң дауыссыз қатысқан сөзді көрсетіңіз.
A) Сыпайы.
B) Жылан.
C) Даугер.
D) Бейсенбі.
=E) Жоба.
Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды белгілеңіз.
A) П, Ф, Б, В
B) К, Г, Ғ, Т.
C) Т, С, З, Ж.
=D) Ш, Щ, Т, С.
E) Х, Ц, Ж, Д.
Қай сөзде “П” дыбысы жазылатынын көрсетіңіз.
A) Та...у.
B) Ке...у.
=C) Қағы...-соғу.
D) До...ы.
E) Тара...ы.
Үнді дауыссыз дыбыстар қатысқан сөзді көрсетіңіз.
A) Әлдилету.
=B) Әйел.
C) Әлдебір.
D) Әмірші.
E) Әнеугүні.
“Ң” дауыссыз дыбысының қандай екенін анықтаңыз.
A) Қатаң дауыссыз дыбыс.
B) Ұяң дауыссыз дыбыс.
=C) Үнді дауыссыз дыбыс.
D) Жуан дауыссыз дыбыс.
E) Жіңішке сөзге ғана жазылатын дауыссыз.

пройти тест

Өздік есімдікті тіркесті көрсетіңіз.
A) Сен кімсің?
=B) Өзің кел.
C) Оны көру.
D) Кім келеді?
E) Олар барады.
Болымсыздық есімдікті белгілеңіз.
A) Әлдекім.
=B) Әлдеқалай.
C) Ешқайсысы.
D) Қайсыбір.
E) Мүмкін.
Белгісіздік есімдікті табыңыз.
A) Бәріміз.
B) Баршамыз.
C) Біздің.
=D) Қайсыбіреу.
E) Өзіміздің.
Сілтеу есімдігін белгілеңіз.
A) Он, алтау.
B) Тақ, жүз.
C) Үйде, кеште.
=D) Осынау, анау.
E) Бүгін, кеше.
Сілтеу есімдігінің септелу түрін анықтаңыз.
A) Әркімдер.
=B) Бұған.
C) Бәріне.
D) Маған.
E) Өздері.
Сілтеу есімдігінің тәуелденген түрін көрсетіңіз.
A) Олар, менмін.
B) Кетір, оқыт.
=C) Соныңыз, мынауыңыз.
D) Ақшыл, сенсің.
E) Оған, маған.
Жалпылау есімдігін анықтаңыз.
A) Ана, мына.
B) Ақылды, бәрі.
=C) Күллі, барша.
D) Түгел, ақылды.
E) Ата, сол.
Дұрыс жазылған есімдікті көрсетіңіз.
A) Еш кім.
B) Еш қашан.
C) Әр қалай.
=D) Кей шақта.
E) Әр бір.
“Еш” сөзінің қай сөзбен бөлек жазылатынын көрсетіңіз.
A) Еш(кім).
=B) Еш(нәрсе).
C) Еш(қайда).
D) Еш(қандай).
E) Еш(бір).
“Еш” сөзінің қай сөзбен бірге жазылатынын белгілеңіз.
A) Еш(нәрсе).
B) Еш(уақыта).
C) Еш(болу).
=D) Еш(қашан).
E) Еш(адам).
Туынды етістікті табыңыз.
A) Аз.
B) Жүр.
=C) Көмектес.
D) Бар.
E) Өт.
Қайтті? Қайтеді? сұрақтарына жауап беретін сөз табын белгілеңіз.
A) Зат есім.
=B) Етістік.
C) Одағай.
D) Үстеу.
E) Есімдік.
Етістік нені білдіретінін белгілеңіз.
=A) Заттың қимылын білдіреді.
B) Заттың атын білдіреді.
C) Заттың түрін білдіреді.
D) Заттың санын білдіреді.
E) Заттың көлемін білдіреді.

Күрделі етістікті табыңыз.
=A) Алып берді.
B) Кел.
C) Айтты.
D) Жайды.
E) Көріп.
Дара етістікті сөйлемді көрсетіңіз.
A) Біз тыңдап отырмыз.
B) Олар келе жатыр.
C) Ол оқып отыр.
=D) Мен мектептен келдім.
E) Ерік әдебиет оқып отыр.
Күрделі етістікті сөйлемді көрсетіңіз.
=A) Арман сабақ оқып отыр.
B) Балалар мектепте отыр.
C) Сен кешке кел.
D) Ол келмеді.
E) Сізді көрдім.
Түбір етістікті табыңыз.
A) Келтір.
B) Барғыз.
=C) Жи.
D) Көбей.
E) Басқар.
Етістіктердің ішінен туынды етістікті табыңыз.
A) Оқы, көр.
=B) Жасар, бірік.
C) Кір, шық.
D) Жүрді, тұрады.
E) Тұрды, отыр.
Зат есімнен болған етістікті анықтаңыз.
A) Қарай.
=B) Түне.
C) Ұшар.
D) Ұзама.
E) Көр.
Негізгі етістікті анықтаңыз.
A) Боса.
B) Түне.
C) Ойна.
=D) Қой.
E) Ескер.
Болымсыз етістіктерді көрсетіңіз.
A) Ешкім, әлдене.
=B) Оқыма, ішпе.
C) Жетінші, үш.
D) Оқыған, келген.
E) Сегіз, төртке.
Болымсыз етістікті белгілеңіз.
A) Көрме ашылды.
=B) Көрме досыңнан.
C) Немереме беремін.
D) Бөлменің есігі.
E) Есіме оралды.
Тұйық етістікті табыңыз.
=A) Қуу.
B) Бау.
C) Сау.
D) Жау.
E) Қау.
Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.
A) Бармақпын.
B) Кетпекпіз.
C) Алмадық.
D) Айтқанмын.
=E) Келерміз.
Етістіктің мақсатты келер шақ түрін көрсетіңіз.
=A) Жазбақпын.
B) Айтармын.
C) Келмеспіз.
D) Сөйлепті.
E) Тартты.

пройти тест

Ауыспалы өткен шақта тұрған сөзді анықтаңыз.
=A) Қарайтынмын.
B) Айтқанмын.
C) Келіппін.
D) Болыпты.
E) Өсіпті.
Бірігу арқылы жасалған күрделі үстеуді анықтаңыз.
=A) Бүгін.
B) Ретімен.
C) Тосыннан.
D) Бұлақтайын.
E) Ақмола.
Туынды үстеуді табыңыз.
A) Ақырын.
B) Бұрын.
C) Жорта.
D) Жоғары.
=E) Сұңқардайын.
Туынды үстеуді белгілеңіз.
=A) Адамша.
B) Қазір.
C) Кеш.
D) Ерте.
E) Ақырын.
Негізгі үстеуді атаңыз.
A) Адамша.
B) Осылай.
C) Қыстай.
D) Бірге.
=E) Жылдам.
Көнелену арқылы жасалған үстеуді атаңыз.
A) Осыншама.
=B) Бірге.
C) Бұлақтайын.
D) Тездеу.
E) Кешірек.
Жатыс септіктің көнеленуімен қалыптасқан үстеуді табыңыз.
A) Кеше.
B) Айжанда.
C) Менде.
=D) Баяғыда.
E) Кешке.
Бірігу арқылы жасалған күрделі үстеу.
A) Жөнімен.
B) Шынымен.
=C) Ендігәрі.
D) Күні бүгін.
E) Кешірек.
Туынды үстеу тудыратын жұрнақтарды белгілеңіз.
A) -шы, -ші.
=B) -шама, -шене.
C) -лық, -лік, -дық, -дік.
D) -шақ, -шек.
E) -шылық, -шілік.
Тіркесу арқылы қалыптасқан үстеуді көрсетіңіз.
A) Таңертең.
B) Жаздыгүні.
C) Босқа.
=D) Күні бүгін.
E) Жөнімен.
Туынды үстеуді табыңыз.
A) Ерте, бұрын.
B) Қасақана, жорта.
C) Әрең-әрең.
=D) Өзінше, ақшалай.
E) Бағаңа, соңыра.
Үстеуден жасалып тұрған туынды үстеуді табыңыз.
A) Балаша.
B) Тотыдайын.
C) Сеніңше.
D) Көзінше.
=E) Соншалық.

Күрделі үстеуді көрсетіңіз.
A) Шапшаң.
B) Биіктеп.
C) Әдейілеп.
=D) Әнеугүні.
E) Құсша.
Күшейткіш үстеуді белгілеңіз.
=A) Тым.
B) Кеше.
C) Әдейі.
D) Қасақана..
E) Ертең.
Мекен үстеуін табыңыз.
A) Ертең.
B) Былтыр.
=C) Жоғары.
D) Сонша
E) Жедел.
Мезгіл үстеуін белгілеңіз.
A) Тым.
B) Аса.
=C) Енді.
D) Шапшаң.
E) Сонша.
Күшейткіш үстеумен тіркесіп тұрған сөзді көрсетіңіз.
A) Ертеден қалыптасқан.
B) Бірталай күн.
C) Соншама күлу.
=D) Әбден шаршау.
E) Жорта амандасу.
Сөйлемнен көмектес септіктің көнеленуінен жасалған үстеуді табыңыз.
A) Абырой – ар еңбегі.
B) Адал дос жаныңды сақтайды.
=C) Мәтінді кезекпен әңгімеледі.
D) Айыбы бардың тізесі қалтырайды.
E) Ашу жүйкені бұзады.
Шығыс септіктің көнеленуінен жасалған пысықтауышты табыңыз.
=A) Абай әр нәрсені кеңінен ойлайды.
B) Қызғаншақтың іші тар.
C) Қызғаншақта болмас ұят, ар.
D) Дос жылатып айтады.
E) Береке көзі – бірлікте.
Еліктеу сөздің түрлерін белгілеңіз.
=A) Еліктеуіш сөздер, бейнелеуіш сөздер.
B) Негізгі сөздер, туынды сөздер.
C) Дара сөз, күрделі сөз.
D) Қос сөз, біріккен сөз.
E) Тіркескен сөз, қысқарған сөз.
Сөйлемнен еліктеуі сөзді табыңыз.
Өтеді ауыздығын қарш-қарш шайнап.
A) Өтеді.
B) Ауыздығын.
=C) Қарш-қарш.
D) Шайнап.
E) Жоқ.
Қосарланып жасалған еліктеуішті табыңыз.
A) Алқа-салқа.
=B) Шіңк-шіңк.
C) Әп-әдемі.
D) Биік-биік.
E) Аппақ.
Еліктеуішті сөз тіркесін табыңыз.
A) Назданып сөйлесу.
B) Тал шыбықтай бұраңдайды.
C) Еріксіз күліп жіберді.
=D) Сылқ-сылқ күліп жіберді.
E) Елден алдырыпты.
Еліктеуішті белгілеңіз.
A) Қызараң-қызараң етті.
B) Далаң-далаң жүгірді.
C) Маң-маң басты.
D) Жалт-жұлт етті.
=E) Бырт-бырт шайнады.
Еліктеуішті сөз тіркесін көрсетіңіз.
A) Қырық сүрінді.
B) Бүгжең жүрді.
C) Қызараң-қызараң етті.
=D) Тырс ете қалды.
E) Ербең етті.

пройти тест

Еліктеуішті сөз тіркесін табыңыз.
A) Кілт тоқтады.
B) Қолп-қолп етіп жүргізбейді.
=C) Гүрс-гүрс шығады.
D) Жарқ-жұрқ ойнайды.
E) Жалп-жалп құлады.
Еліктеуішті белгілеңіз.
A) Жапыр-жұпыр.
B) Ербең етті.
=C) Дүңк-дүңк етті.
D) Қайқаң етті.
E) Бүгжең қақты.
Еліктеуішті анықтаңыз.
A) Маң-маң басты.
=B) Саңқ етті.
C) Селк етті.
D) Қиқаң етті.
E) Жалт етті.
Еліктеуіш сөздерді көрсетіңіз.
A) Кілт тоқтау.
B) Жалт қарады.
=C) Тарс-тұрс етті.
D) Қалт етті.
E) Қайқаң етті.
Дыбыстарға еліктеуден пайда болған сөзді көрсетіңіз.
=A) Сылқ-сылқ.
B) Қырықбуын.
C) Төбе-төбе.
D) Ирелең-ирелең.
E) Қоңыз.
Еліктеуіш сөзбен байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.
=A) Шарт-шұрт сынды.
B) Жұлқи тартты.
C) Енді-енді танылды.
D) Салпаң-салпаң етті.
E) Желп-желп етеді.
Бейнелеуіш сөзді анықтаңыз.
A) Сарт етті.
B) Саңқ етті.
C) Топ ете түсі.
=D) Бүгжең қақты.
E) Қыңқ етті.
Бейнелеуіш сөзді белгілеңіз.
A) Қарш-қарш шайнау.
=B) Ербең-ербең етті.
C) Бырт-бырт шайнайды.
D) Шаң-шұң болды.
E) Ырс-ырс етті.
Бейнелеуіш сөзді табыңыз.
A) Гүрс.
B) Қаңқ.
=C) Бұлтың.
D) Шаңқ.
E) Шиқ.
Бейнелеуіш сөзден болған пысықтауышты табыңыз.
Олар жапыр-жұпыр, тез амандасып шықты.
=A) Олар.
B) Жапыр-жұпыр.
C) Тез.
D) Амандасып.
E) Шықты.
Одағай түрі нешеу екенін көрсетіңіз.
A) 2.
=B) 3.
C) 4.
D) 1.
E) 5.
Көңіл-күй одағайын белгілеңіз.
A) Тәйт.
B) Тек.
C) Жә.
=D) Ойпырмай.
E) Құрау-құрау.
Шақыру одағайын көрсетіңіз.
=A) Моһ-моһ.
B) Уһ.
C) Қап.
D) Бәрекелді.
E) Пай-пай.

Шақыру одағайын белгілеңіз.
A) Түу.
B) Уһ.
=C) Құр-құр.
D) Қап.
E) Пәлі.
Көңіл-күй одағайын көрсетіңіз.
=A) Әттең.
B) Жә.
C) Тәйт.
D) Құрау-құрау.
E) Тек.
Шақыру одағайын табыңыз.
A) Пәлі.
B) Ойпырым-ай.
=C) Шөре-шөре.
D) Бәрекелді.
E) Қап.
Одағай сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
A) Абылғазы, қайдан келдің?
B) Әрине, бүгінгі жастарға білім керек-ақ!
=C) Шіркін, қазақтың келіндері-ай!
D) Білімді адамды алған жөн.
E) Біздің халық, оның айтуынша, ақын халық екен.
Одағай сөз қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
=A) Түу, есім жаңа кірді ғой!
B) Ол дәмесі орнына да келді.
C) Біріншіден, ол дұрыс.
D) Өкінішке орай, олар кетіп қалды.
E) Қысқарта айтсақ, осымен іс бітті.
Одағай ерекшелігін көрсетіңіз.
A) Іс-қимылды білдіреді.
B) Мезгіл-мекенді білдіреді.
=C) Лексикалық негізгі мағына болмайды.
D) Сын-қимылды білдіреді.
E) Заттың санын білдіреді.
Одағайды көрсетіңіз.
A) Сен не дедің?
B) Қой деймін, бала.
C) Өзімдікі болса игі еді.
=D) Охо, өлкемдегі өмір қандай!
E) Достым, тыныш отыршы.
Одағайды белгілеңіз.
A) Найзағай жарқ етті.
=B) Аһ, дүние-ай, өтеріңді білдім бе?
C) Қорыта айтсақ, оныкі дұрыс.
D) Түріме қарамай, сондай кесірмін.
E) Әке, айтқаныңыз дұрыс екен.
Тыныс белгісі дұрыс қойылған одағайды табыңыз.
A) Моһ моһ, менің асау тайым.
=B) Мен не қылдым, япырмау?
C) Алма, алманы әкел.
D) Бәрекелді мынау, қызық екен.
E) Ей аққу, сәлем деші жолыққанда.
Тыныс белгісі дұрыс қойылмаған одағайды белгілеңіз.
A) Бәрекелді, мынау қызық екен.
B) Уа, шіркін, ән деп осыны айт!
=C) Әттеген ай атын сұрамаппын ғой.
D) Беу-беу, туған жер, неткен келісті ең!
E) Бай-бай, Нұржан-ай, тілің қандай ащы!
Дұрыс жазылған одағайды табыңыз.
A) Құрметті достым; амансың ба?
=B) Шіркін, ақын болсаң, осындай бол!
C) Әрине, оның айтқаны дұрыс.
D) Аллаңнан ойбайым тыныш.
E) Арылма, өлең, арылма.
Септеулік шылауды көрсетіңіз.
A) Өмірде бәрі кездеседі, дегенмен жақсылық жеңеді.
=B) Бұдан кейін қарсыласудан ештеңе өнбейді.
C) Егер өзің сенбесең, саған ешкім бұйыра алмайды.
D) Жолда көзіңе бұзаулы сиыр түскен жоқ па?
E) Жүйрік-ау көңіл деген көк дөнен!

пройти тест