Монғол тілінен енген сөздерді көрсетіңіз.
=A) Ұлыс, нөкер.
B) Сөмке, кәмпит.
C) Сіріңке, бәтеңке.
D) Сүгірет, бәдірен.
E) Кеуірт, әтешкір.
Диалект сөзді табыңыз.
=A) Тұқым, сым.
B) Космос, ғарыш.
C) Саяжай, кеден.
D) Лашық, күпі.
E) Сәукеле, шиден.
Қолөнерге байланысты кәсіби сөздерді табыңыз.
A) Егемен, әмбебап.
B) Кешен, нарық.
C) Нән, сүгірет.
=D) Пышқы, шербек.
E) Сиықты, маңлай.
Термин сөздердің анықтамасын белгілеңіз.
A) Белгілі кәсіппен шұғылданатын адамдар арасында айтылатын сөздер.
=B) Ғылым, техника саласындағы арнаулы ұғымдарды білдіретін сөздер.
C) Белгілі бір аймақ тұрғындарының сөздері.
D) Басқа тілден енген сөздер.
E) Қолданыстан шығып қалған сөздер.
Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздерді табыңыз.
=A) Қоза, шиіт.
B) Сүгірет, маңлай.
C) Хан, патша.
D) Сәукеле, кебеже.
E) Дүрия, патсайы.
Термин сөздерді көрсетіңіз.
=A) Эвфемизм, дисфемизм.
B) Диалект, садақ.
C) Сауыт, айбалта.
D) Адырна, найза.
E) Отарба, ұрын бару.
Термин сөздерді көрсетіңіз.
A) Жақсы, жаман.
=B) Бастауыш, аммиак.
C) Сәлемдесу, амандасу.
D) Тез, жылдам.
E) Ажар, көрік.
Әріптің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Үннен ғана тұратын дыбыстар.
B) Дыбыстық жақты зерттейтін.
=C) Дыбыстың жазудағы таңбасы.
D) Алиф пен би атауларының бірігуі.
E) Кедергісіз шығатын дыбыстар.
Әліпбидегі әріптердің түрін анықтаңыз.
A) Жазба, ашық түрі.
=B) Жазба, баспа түрі.
C) Ашық, тұйық түрі.
D) Баспа, ұяң түрі.
E) Қатаң, ұяң түрі.
“Ә” әрпінің емлесіне байланысты сөздің дұрысын көрсетіңіз.
A) Күман.
=B) Күмән.
C) Күмен.
D) Күмөн.
E) Құман.
Дауысты дыбыстарды белгілеңіз.
A) Б, Ж, С, Р.
B) Х, А, Ч, Е.
C) Ц, Щ, Ө, У.
=D) А, Ә, О, У.
E) Б, В, Г, Ғ.
“Ұ” дыбысы қай сөзде жазылатынын көрсетіңіз.
A) С...мке.
=B) ...стаған.
C) Жая...лап.
D) Т...сін.
E) Т...скен.
Жіңішке дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
A) Ы, І, Ә.
B) О, Ұ, Ү.
=C) Ө, Е, І.
D) Ұ, Ү, Ы.
E) А, Е, Ы.
Ашық дауысты дыбысты табыңыз.
=A) А, Ә.
B) Ы, І.
C) Ұ, У.
D) Ү, Й.
E) Ы, У.
Ашық дауыстылардан құралған сөзді көрсетіңіз.
A) Бейсенәлі.
=B) Әлдеқашан.
C) Кінәрат.
D) Ойыншық.
E) Күйзеліс.
Қысаң дауыстылары бар сөзді көрсетіңіз.
A) Әділет.
B) Жауырын.
=C) Ғылыми.
D) Төсек.
E) Іңкәр.
Қысаң дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
A) Ү, У, Е.
B) А, Ә, И.
C) Э, Е, Ү.
=D) Ы, Ұ, И.
E) Ә, Ү, Ы.
Езулік дауысты дыбыстардан жасалған сөзді табыңыз.
A) Мұқан, Ербол.
=B) Әдебиет, теңіз.
C) Орден, нөсер.
D) Ине, бөдене.
E) Адам, өнім.
Бірыңғай еріндік дауысты дыбыстан тұратын сөзді анықтаңыз.
A) Үгіт, ұйыту.
B) Ұзақ, үркек.
=C) Ұлу, үйту.
D) Үзеңгі, ұқсау.
E) Ұшқын, үтір.
“Н” дауыссыз дыбысы қай топқа жататынын белгілеңіз.
A) Қатаң дауыссыз дыбыс.
B) Ұяң дауыссыз дыбыс.
C) Жуан сөзде ғана жазылатын дауыссыз дыбыс.
=D) Үнді дауыссыз дыбыс.
E) Жіңішке сөзде ғана жазылатын дауыссыз дыбыс.
Бірыңғай ұяң дауыссыз қатысқан сөзді көрсетіңіз.
A) Сыпайы.
B) Жылан.
C) Даугер.
D) Бейсенбі.
=E) Жоба.
Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды белгілеңіз.
A) П, Ф, Б, В
B) К, Г, Ғ, Т.
C) Т, С, З, Ж.
=D) Ш, Щ, Т, С.
E) Х, Ц, Ж, Д.
Қай сөзде “П” дыбысы жазылатынын көрсетіңіз.
A) Та...у.
B) Ке...у.
=C) Қағы...-соғу.
D) До...ы.
E) Тара...ы.
Үнді дауыссыз дыбыстар қатысқан сөзді көрсетіңіз.
A) Әлдилету.
=B) Әйел.
C) Әлдебір.
D) Әмірші.
E) Әнеугүні.
“Ң” дауыссыз дыбысының қандай екенін анықтаңыз.
A) Қатаң дауыссыз дыбыс.
B) Ұяң дауыссыз дыбыс.
=C) Үнді дауыссыз дыбыс.
D) Жуан дауыссыз дыбыс.
E) Жіңішке сөзге ғана жазылатын дауыссыз.