Банк тестов по Казахскому языку

Тест №8 по Казахскому языку

Тест №8 по Казахскому языку

от Kris Kim -
Количество ответов: 0

176. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын табыңыз
A) Ел арасына сыйлы
B) Ұлттық ойын ойнайды
C) Ақылды сөз айтылды
=D) Жыл сайын толықты
E) Өмірдің мәнін түсінді
177. Қазақ тілінде сөйлем айтылуы мақсатына қарай неше түрге бөлінді
A) 5
=B) 4
C) 6
D) 7
E) 2
178. Атаулы сөйлемді табыңыз
A) Мен бүгін суреттен бес алдым
B) Қайдан?
=C) Дала
D) Сәбит ұшақпен кетті
E) Жиналыс басталды
179. Сілтеу есімдігінен жасалған баяндауышты көрсетіңіз
A) Біз үшеуміз мәселені дұрыс шештік деп ойлаймыз
B) Ақ бесті қара қасқадан сытылып шықты
C) Мен өзім де сізден осыны сұрағалы отыр едім
D) Ауылдың маңы – терең сай
=E) Сұрап отырғаны – осы
180. Бірыңғай мүшелерді байланыстыру үшін қандай жалғаулық шылау қолдану керек?
Ол...биік,... аласа,... қатал ,... жұмсақ мінезді ,... шешен ,... сараң сөзді еді.
A) Бірақ
B) Және
C) Немесе
D) Да
=E) Бірде
181. Кею мағынасында қолданылған одағайды табыңыз
A) Па, жігіт –ақ екен!
=B) Әй, көзіңе қара!
C) А, мен кешіккен екенмін ғой
D) Япырай, - деп ойлады ол ақырында
E) Құр – құр... – десті қора ішінен екі дауыс.
182. Есімдіктен болып тұрған бастауышты көрсетіңіз
A) Маған сыйлық әкелді
=B) Мен еңбекті бағалаймын
C) Ана сүтін ардақта
D) Оның төрттен бірін ал
E) Сыйлық бәріне жетті
183. Еліктеуіш сөзден жасалған қос сөзді табыңыз
A) Ат – мат
B) Әке – шеше
=C) Жалт – жұлт
D) Қап – қара
E) Бала – шаға
184. Етістік сөзден жасалған туынды зат есімді табыңыз
A) Қаламсыз
=B) Басшы
C) Тарақ
D) Еңбекші
E) Жерлес
185. Ауыспалы осы шақта тұрған сөзді табыңыз
A) Өсірген
B) Өсіріпті
=C) Өсіреміз
D) Өсірмекпіз
E) Өспекші
186. Бұйрық райлы етістікті табыңыз
A) Барды
=B) Бар
C) Барған
D) Барар
E) Бармақ
187. Үстеуден жасалып тұрған туынды үстеуді табыңыз
A) Баяулау
B) Бұлбұлдайын
C) Сеніңше
=D) Қазақша
E) Соншалық
188. Шақыру одағайын табыңыз
A) Пәлі
B) Ойпырым-ай
=C) Шөре – шөре
D) Бәрекелді
E) Қап

189. Тұйық етістікті табыңыз
=A) Көру, түсіну
B) Кел, бар
C) Барған, отырған
D) Алар, сатар
E) Отыр, жүр
190. Жіктеу есімдігін табыныз
A) Бұл, сол
=B) Мен, сен
C) Бәрі түгел
D) Біреу, кейбіреу
E) Сол
191. Ортақ етіс болып тұрған сөзді табыңыз
A) Санат, отырғыз
B) Табыс, керіс
=C) Салысты, берісті
D) Қосылды , түйілді
E) Ашылды , берілді
192. Есімшелі сөзді көрсетіңіз
A) Мойындау керек
=B) Оқыған адам
C) Қайтқалы жатыр
D) Мен барамын
E) Мен келемін
193. Жалпылау есімдігін көрсетіңіз
A) Өзім
B) Әрбір
C) Дәнеңе
=D) Бүкіл
E) Ешкім
194. Шылау сөзді табыңыз
=A) Бірақ
B) Маңы
C) Ол
D) Шылп
E) Сол
195. Ырықсыз етісті табыңыз
A) Айтқыз
B) Жуынды
=C) Орылды
D) Жіберді
E) Айттырды
196. Жатыс септік қосымшасын табыңыз
A) -ға , -ге
B) -мен, -бен
C) -нан, -нен
D) -ды, - ді
=E) --да, -де
197. Антоним қай сөз табынан жасалған? Өмірде қуаныш пен реніш қатар жүреді.
A) Сын есім
B) Есімдік
C) Етістік
=D) Зат есім
E) Үстеу
198. Тәуелдік жалғауының үшінші жағында тұрған сөзді табыңыз
A) Қалам
B) Арманың
=C) Балы
D) Балама
E) Балаңыз
199. Септеулік шылауды табыңыз
A) Қой
B) Ғой
C) Мыс
D) Ба
=E) Соң
200. Мына сөздердің ішінен жай сөз тіркесін табыңыз
A) Ашу-ыза
=B) Әдемі қыз
C) Ақ-қара
D) Тиын-тебен
E) Жолдас-жора

пройти тест