126. Күшейтпелі шырайды көрсетіңіз.
A) Ағырақ, көкше.
B) Қуаң, бозаң.
C) Сұрша, бозғыл.
=D) Аппақ, аса терең.
E) Сарғылт, күреңдеу.
127. Салыстырмалы шырайды көрсетіңіз.
A) Ұп-ұзын.
B) Сұп-суық.
=C) Үлкенірек.
D) Аппақ.
E) Тым биік.
128. Сөйлемнен баяндауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді белгілеңіз.
Ен бір артық көркемсің.
A) Сен.
B) Бір.
C) Артық.
D) Жоқ.
=E) Көркемсің.
129. Сөйлемнен пысықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді көрсетіңіз.
Өлеңмен сөзді желдей құйындатқан.
A) Өлеңмен.
B) Сөзді.
=C) Желдей.
D) Құйындатқан.
E) Жоқ.
130. Есептік сан есімнің сұрағын көрсетіңіз.
A) Нешінші?
=B) Қанша?
C) Нешеу?
D) Қай шамасы?
E) Нешеден?
131. Топтау сан есімін көрсетіңіз.
A) Үштің бірі.
B) Жүзінші.
C) Жетеу.
D) Жүз-жүзден.
=E) Мыңдап.
132. Есептік сан есімнің күрделі түрін анықтаңыз.
A) Он төртінші.
=B) Он төрт.
C) Төрт-төрттен.
D) Он-оннан.
E) Оннан екі.
133. Жинақтық сан есімі бар сөйлемді көрсетіңіз.
A) Бес жерде бес – жиырма бес.
B) Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
C) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
=D) Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
E) Елу – ердің жасы.
134. Дұрыс жазылған сан есімді табыңыз.
A) Жиырмабес.
B) 25 ке толды.
C) 5 сынып.
=D) 8наурыз.
E) 7-қазан.
135. Дұрыс жазылған реттік сан есімді көрсетіңіз.
A) 23 қатар.
=B) 105-мектеп.
C) 10 мектеп.
D) X
E) XX-ғасыр.
136. Қате жазылған болжалдық сан есімді табыңыз.
A) 1000-дап.
B) 100-деген.
C) Сағат 5-терде.
=D) 10 даған.
E) Қырық-елу.
137. Жіктеу есімдігімен тіркесіп тұрған сөзді табыңыз.
=A) Сіз келесіз.
B) Атаның баласы.
C) Қалаға бару.
D) Көзбен көру.
E) Болат келді.
138. Белгісіздік есімдікті табыңыз.
A) Бәріміз.
B) Баршамыз.
C) Біздің.
=D) Қайсыбіреу.
E) Өзіміздің.
139. Сілтеу есімдігінің септелу түрін анықтаңыз.
A) Әркімдер.
=B) Бұған.
C) Бәріне.
D) Маған.
E) Өздері.
140. Сілтеу есімдігінің тәуелденген түрін көрсетіңіз.
A) Олар, менмін.
B) Кетір, оқыт.
=C) Соныңыз, мынауыңыз.
D) Ақшыл, сенсің.
E) Оған, маған.
141. Жалпылау есімдігін анықтаңыз.
A) Ана, мына.
B) Ақылды, бәрі.
=C) Күллі, барша.
D) Түгел, ақылды.
E) Ата, сол.
142. Етістік нені білдіретінін белгілеңіз.
=A) Заттың қимылын білдіреді.
B) Заттың атын білдіреді.
C) Заттың түрін білдіреді.
D) Заттың санын білдіреді.
E) Заттың көлемін білдіреді.
143. Дара етістікті сөйлемді көрсетіңіз.
A) Біз тыңдап отырмыз.
B) Олар келе жатыр.
C) Ол оқып отыр.
=D) Мен мектептен келдім.
E) Ерік әдебиет оқып отыр.
144. Күрделі етістікті сөйлемді көрсетіңіз.
=A) Арман сабақ оқып отыр.
B) Балалар мектепте отыр.
C) Сен кешке кел.
D) Ол келмеді.
E) Сізді көрдім.
145. Етістіктердің ішінен туынды етістікті табыңыз.
A) Оқы, көр.
=B) Жасар, бірік.
C) Кір, шық.
D) Жүрді, тұрады.
E) Тұрды, отыр.
146. Зат есімнен болған етістікті анықтаңыз.
A) Қарай.
=B) Түне.
C) Ұшар.
D) Ұзама.
E) Көр.
147. Болымсыз етістікті белгілеңіз.
A) Көрме ашылды.
=B) Көрме досыңнан.
C) Немереме беремін.
D) Бөлменің есігі.
E) Есіме оралды.
148. Ырықсыз етісті табыңыз.
A) Айтқыз.
B) Жуынды.
=C) Орылды.
D) Жіберді.
E) Айттырды.
149. Ортақ етісті көрсетіңіз.
=A) Алысты.
B) Жазылды.
C) Емізді.
D) Керілді.
E) Жаздырды.
150. Тұйық етістікті табыңыз.
=A) Қуу.
B) Бау.
C) Сау.
D) Жау.
E) Қау.